844

Елорда құрамасы республикалық жарыста топ жарды

Астанада «Сарыарқа» велотрегінде омниум, спринт және топтық жарыстан ҚР ашық чемпионаты аяқталды. Жарысқа Қазақстанның өңірлерінен 10 команда қатысты. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Астанада «Сарыарқа» велотрегінде омниум, спринт және топтық жарыстан ҚР ашық чемпионаты аяқталды. Жарысқа Қазақстанның өңірлерінен 10 команда қатысты. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. 

Бес күннің қорытындысы бойынша Астана қаласының құрамасы командалық есепте топ жарды (222 ұпай), Қарағанды облысы екінші (190 ұпай) және Алматы облысы (113 ұпай) үшінші орын алды. 

Республикалық жарыстарда ерлер арасында спринттен Қарағанды облысының өкілі Павел Воржев үздік атанса, елордалық спортшылар Заки Сұлтанов пен Мерей Толмағанбетов сәйкесінше 2 және 3-орындарға тұрақтады. Жасөспірімдер арасында спринттен астаналық велоспорт мектебінің тәрбиеленушісі Алмаз Кенеев жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында спринттен Қарағанды облысының спортшысы Татьяна Заднепрянова бірінші, астаналық Амелия Искакова екінші және Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Махаббат Үмітжанова үшінші орын алды. Гитеден 1000 м қашықтықта жұптық жарыста ерлер арасында Қарағанды облысының спортшылары Роман Лентарев пен Павел Воржев чемпион атанды. Астаналық Заки Сұлтанов пен Мерей Толмағанбетов 2 орында. Жарыстың соңғы күні омниум жарысында ерлер арасында елордалық спортшы Никита Клеванов үздік шықты. Жасөспірімдер арасында кейрин жарысында Астана құрамасы көш бастады. Алмаз Кенеев бірінші, Владислав Филипович екінші, Эдуард Розенберг үшінші орын алды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109