1493

IRONMAN жарысына 47 елдің өкілі қатысады

17 маусымда Астанада триатлоннан ең беделді халықаралық жарыстардың бірі BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana өтеді. Жарысқа қатысу үшін әлемнің 47 мемлекетінен 1300-ден аса спортшы тіркелді, оның ішінде 700-ге жуығы қазақстандықтар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.  

ТМД бойынша аталмыш жарыс бірінші рет Астана қаласында өткізілмек. IRONMAN триатлоны әлемдегі ең күрделі біркүндік жарыстың түрі. Қашықтықты бағындырған спортшы «Темір адам» атанады. IRONMAN 70.3 Astana жеке қатысушыларының жарысы таңғы сағат 08.00-де басталады, топтық командалар жарысы (эстафеталар) сағат 08.30-ға белгіленген. IRONMAN 70.3 қашықтығы үш үздіксіз кезеңнен тұрады: жүзу (1,9 шақырым), веложарыс (90 шақырым), жүгіру (21,1 шақырым) – жалпы ұзындығы 113 шақырым немесе 70,3 миль.

IRONMAN жарысына қатысқандар арасында Олимпиада чемпионы, Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы, Astana Pro Team бас менеджері Александр Винокуров, Astana Pro Team велошабандозы Асан Базаев, Олимпиада ойындарына қатысқан триатлонист Екатерина Шатная, спортшы, «Другой ты» қозғалысының көшбасшысы Валихан Тен, Куила-Конеде IRONMAN әлем чемпионатына қатысқан Павел Артюшенко, «темір» қашықтықты 33 мәрте бағындырып, жарыстың тарихында қалған триатлонист Томас Дрейер (Thomas Dreher) және т.б. бар.

Қазақстандық және әлемдік спорт өкілдері – жарыстың танымалдылығы мен беделінің белгісі. Әдеттегідей, жарысқа қатысушылардың жартысы әуесқойлар, әртүрлі мамандықты меңгерген түрлі жастағы әйелдер мен ерлер. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар белсенді өмір салтын ұстанатын мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуын да құптайды.

Айта кетейік, жарыста көзі нашар көретіндер мен зағиптарды әлеуметтендіруге бағытталған «Спорт без границ» әлеуметтік жобасына қатысушылар да өз күшін сынайды.

Жарыстың құрметі қонақтары – Қазақстанның триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімов, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана қаласынң әкімі Әсет Исекешев және басқалар.

Триатлоннан бірінші BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana халықаралық жарысы аясында 15-17 маусымда үздік әлемдік брендтердің спорттық жәрмеңкесі жұмыс істейді. Онда спорттық заттар, тамақтар, жарыстың ресми кәдесыйлары сатылады.

16 маусымда Астана Триатлон Парк аумағында 5-тен 17 жасқа дейінгі балалар арасында тегін IRONKIDS, сондай-ақ 10-нан 15-ке дейінгі балалар арасында IRONKIDS DUATHLON жарысы өткізіледі.

IRONKIDS және IRONKIDS DUATHLON жарыстары әрбір IRONMAN жарысы аясында бүкіл отбасыға арналған ойын-сауық ретінде ұйымдастырылады. Бұл аса танымал шара және өскелең ұрпақты саламатты өмір салтын ұстануға шақырады.

IRONMAN 70.3 Astana 2018 жарысы Астананың 20 жылдығына орайластырылған және халықаралық аренада елордамыздың имиджін көтеруге ықпал етеді.

Жарысты өткізу күні мен уақыты: 17 маусым, сағат 08:00-19:00.

Өткізу орны: Астана Триатлон Парк.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109