1904

Астанада қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді

26 тамыз күні сағат 12:00-де Астана қаласы «Дәулет» спорт кешенінде қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Қазақтың ұлттық спорт түрі сааналатын қазақ күресіне 10-нан астам мемлекеттен 80-ге жуық палуан қатысады деп күтілуде. Бүгінгі таңда Жапония, Өзбекстан, Тәжікістан мен Моңғолия елдерінің мықты спортшылары чемпионатқа қатысатындығын растады. Сонымен қатар, Иран, Пәкістан, Үндістан елдері де өз балуандарын дайындауда.

«Халықаралық қазақ күресі федерациясының негізгі мақсаты спортшылар мен қызығушылардың басын біріктіру, қазақ күресінің тек біздің елде ғана емес, шетелдерде де дамуына үлес қосу, үздік спорттық жетістіктерге жетуге ықпал ету. Бір жылдың ішінде біз халықаралық қазақ күресі чемпионатын өткізіп үлгердік. Оған 40 мемлекеттің спортшылары қатысты. Жуырда ғана Грузия елінің Батуми қаласында қазақ күресінен Еуропа чемпионатын ұйымдастырдық. Оған қатысушылар Еуропаның 24 мемлекетінен келді. Алдағы уақытта, яғни 26 тамыз күні Астана қаласында Азия чемпионаты өтеді», - деді Халықаралық қазақ күресі федерациясының бас хатшы кеңесшісі Ұлан Рысқұл.

Жарыс 9 салмақтық категорияда және абсолюттік салмақта өтеді. Жалпы, қазақ күресі ертеден келе жатқан әрі бүгінгі заманауиҚазақстанда одан әрі дамып жатқан спорт түрі. 2016 жылдан бері ЮНЕСКО оның материалдық емес мәдени мұра қатарына енгізді.

Іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары «Халықаралық қазақ күресі федерациясы». Қала тұрғындары мен қонақтарына кіру тегін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109