2666

Грэпплинг пен ги грэпплингінен алғашқы Әлем кубогі Астанада өтеді

Сондай-ақ, әр түрлі елдерден келетін балуандар іріктеуден өтпей-ақ халықаралық Asia Open турниріне қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Қазақстанның грэпплинг ассоциациясына сілтеме жасап.

28-29 шілдедеАстанада кең ауқымды шара өтпек. Қазақстанның бас қаласында грэпплингтен алғашқы Әлем кубогі ұйымдастырылады. Іс-шараның бастамашысы – ҚР грэпплинг ассоциацисы. Әлем кубогіне Ресей, Америка Құрама Штаттары, Бразилия, Қазақстан сияқты елдердіңкомандалары қатысады деп күтілуде. Кубок мачтық кездесу түрінде өтетін болады. Бір команда басқа бір командаға қарсы шығады.

«Бұған дейін грэпплингтен әлем кубогін ешбір ел ұйымдастырмағандықтан,аталмыш шара біз үшін өте маңызды. Қазақстан – осындай форматтағы жарысты өткізуге шешім қабылдаған әлемдегі алғашқы ел», - деп атап өтті Қазақстан грэпплинг ассоциациясының президенті атап өтті Қанат Алин.

Сонымен қатар, дәл осы күндері халықаралық Asia Open турнирі өтеді.Оның басты ерекшелігі күресуге ниет білдірген азаматтардың барлығына жарысқа қатысу мүмкіндігінің берілетіндігінде. Бүгінге дейін спорттық бәсекеге қатысуға Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан, Литва, Украина, АҚШ сияқты 500-ден астам спортшы өтініш білдіріпті. Бұдан бұрын Asia Open ұйымдастырылмаған еді. Азиядағы грэпплинг комитетінде бұл турнирдің грэпплингті Азия континентінде ғана емес, күллі әлемде дамытуға ықпал ететінін айтты.

Былтыр Қазақстан грэпплинг ассоциациясының ұйытқы болуымен елордада көптеген жарыстар өткен болатын. Олардың ішінде Астанада грэпплингтен өткен алғашқы Азия чемпионаты, жыл сайынғы Astana Open турнирісияқты балалар мен ересектер арасында өткен халықаралық және республикалық жарыстар, грэпплингтен Қазақстан біріншілігі мен Кубогі бар. Осы ретте Батыс, Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік және Орталық Қазақстанда өтетін 5 турнирден тұратын Qazaq Batyry Championship жарыстары да үлкен маңызға ие.

18-19 тамызда Qazaq Batyry Chаmpionship-тің негізгі кезеңі өтеді. Оның қорытындылары бойынша Астанада өтетін жылдың ең басты оқиғасы – Әлем чемпионаты 2018 додасында Қазақстанның намысын қорғайтын балуандар таңдалмақ.

Айта кетейік, грэпплинг – дзюдо, самбо, джиу-джитсу, еркін, грек-рим және басқа күрестің барлық стилін қамтитын жекпе-жектің түрі. Грэпплингтің артықшылығы – спортшылар екі секция бойынша күреседі.

Спортшылардың салмағын ресми өлшеу рәсімі 27 шілдеде сағат 18:00-де Тұран көшесі, 4/2 мекен-жайы бойынша орналасқан «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.

Жекпе-жектер 28-29 шілдеде сағат 10.00-де «Дәулет» СК-де өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109