2523

Қазақстандағы спорт күні: 18 тамызда қандай шаралар өтеді

Алдағы демалыс күндері елімізде Спорт күні аталып өтіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, дене шынықтыру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тамыз айының әрбір үшінші жексенбісінде тойланады. Астанада мерекелік шаралар барлық спорт мекемелерінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

16-19 тамыз аралығында Қазақстандағы спорт күніне орай елордамыздың барлық спорт алаңдарында біруақытта 19 спорт түрінен жарыстар өткізіледі. Бағдарламаға қазақ күресi, гір көтеру, армрестлинг, асық ату, бүркітшілер жарысы, көкпар, тоғызкұмалақ, грэпплинг, шаңғыроллер, теннис, веложарыс, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, академиялық есу, бокс, киокушинкай-кан каратэ, таэквондо, қоян-қолтық ұрыс, шайбалы хоккей енгізілді. Осы күндері спорт сарайлары, кешендері және қалалық спорт клубтарында өтетін жарыстарға 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы саламатты және белсенді өмір салтын ұстанатын әуесқойлар мен кәсіпқойларды, қала тұрғындары мен қонақтарын жоспарланған шараларға қатысуға шақырады. 

Астанада Спорт күні құрметіне өткізілетін ауқымды шаралардың бірі - веложарыс. Аталған шара елордада жыл сайын жаздың соңында ұйымдастырылады, оған мыңға жуық адам қатысады. Жарыс барысында спортшылар Қабанбай батыр даңғылының бойымен «Салтанат сарайынан» «Астана Арена» стадионына дейін 5 шақырымды жүріп өтеді. Тіркеу сағат 7:00, жарыс – 08.00-де басталады.

Спорт күніне орайластырылған бұқаралық велошерудің сөре сызбасы

Спорт күніне орайластырылған велошерудің сызбасы

Мәреде көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, тіркелген қатысушылар арасында 10 велосипед ойнатылады деп күтілуде.

Велошеру мәресінің сызбасы

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

 Әуесқойлар турниріне қатысушылардың өз велосипедтері болуы тиіс.

Айта кетейік, веложарыс кезінде 18 тамызда сағат 07:45-тен 08:45-ке дейін веложарыс маршруты бойынша көлік қозғалысы жартылай (Қабанбай батыр даңғылында) шектеледі. Осыны ескере отырып, жүргізушілерден өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109