968

Астанада жол қозғалысы жас инспекторларының қатысуымен акция өтті

Елорданың жол полицейлері жас жол полициясы инспектрларымен бірге «Жаяу жүргіншіге жол бер!» акциясын өткізді, - деп хабарлайды Астана қаласы ІІД ЖПБ баспасөз қызметі.

Елорданың жол полицейлері жас жол полициясы инспекторларымен бірге «Жаяу жүргіншіге жол бер!» акциясын өткізді, - деп хабарлайды Астана қаласы ІІД ЖПБ баспасөз қызметі. 

Аксельбанттар мен «Думан» СОО қуыршақтарының костюмдері мен парадтық форма киген балалар жол қозғалысы ережесін мүлтіксіз қатаң сақтау жөнінде жүргізушілермен профилактикалық әңгіме өткізді. Сондай-ақ, жол қозғалысының жас инспекторлары автомобиль иелеріне балаларды машина салонында алып жүретін арнайы қондырғылар орнату туралы ескертіп, жаяуларға жолдан өтуге көмектесті. 

Барлық жол қозғалысына қатысушыларға жадынамалар мен ақпараттық парақшалар таратылды. 

Астана қаласы ІІД ЖПБ бөлім бастығы, подполковник Әуезхан Жақсылықов өткізіліп отырған іс-шараның мақсаты - жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, жол үстіндегі адамдардың мәдениетін көтеруді, жүргізушілердің назарын жол қозғалысына қатысушы ретінде жаяу жүргіншілерге  аударуды көздейді, - деп атап көрсетті. 

Қалалық Жол полициясы басқармасының мәліметі бойынша,  2013 жылдың 4 айында қалада барлығы 126 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 16 адам көз жұмып, 133 адам жарақат алды. ЖКО жалпы санының 75-і жаяу жүргіншілердің қатысуымен болды. Салдарынан 5 адам көз жұмып, 72 адам түрлі дәрежеде жарақат алса, жаяу жүргіншілердің тікелей кінәсінен 38 жол-көлік апатында 5 адам көз жұмып, 25 адам жараланды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109