616

Астанада екі апта бойы Байтұрсынов көшесі жабылады

Астанада 25-нен 26-сына қараған түнде Байтұрсынов көшесі Обаған және Мирзоян көшелері аралығында жабылады.

Астанада 25-нен 26-сына қараған түнде Байтұрсынов көшесі  Обаған және Мирзоян көшелері аралығында жабылады. Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті.  

Ведомствоның мәліметі бойынша, Байтұрсынов көшесіндегі аталған жол телімі екі апта бойы (10 маусымға дейін) жол-құрылысы жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жабылады.   

«Осыған байланысты қалалық №3 және №21 автобус бағдарлары мына сызба бойынша: «Обаған к-сі- Қошқарбаев даңғылы  (оңға) – Сарыкөл к-сі (солға) – одан әрі бұрынғы бағдар бойынша жүреді. Кері бағытта да осы аталаған сызба бойынша қозғалады», - делінген хабарламада.

 Еске салайық, биылғы жылы елордада 17 көшені жөндеп, 115 шақырым жолды қалпына келтіру, соның ішінде 40 км жол салу, 35,6 км жаңарту жоспарланған. Сондай-ақ, тұрғын үй алаптарын жалғайтын 21,8 км жолдың құрылысы аяқталады.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109