674

Астанада жол жөндеуге байланысты бірқатар көшелер жабылды

Елордада жол-құрылысы жұмыстарына байланысты кейбір көшелердегі көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Астана қаласының ІІД Жол полициясы басқармасы.

Елордада жол-құрылысы жұмыстарына байланысты кейбір көшелердегі көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Астана қаласының ІІД Жол полициясы басқармасы. 

Биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін: Мәскеу ( Желтоксан к-сінен Республика даңғылына одан әрі Бейбітшілік көшесіне өтіп кету ашық), Жанкелдин к-сі (Жеңіс даңғылынан Бейбітшілік к-сіне дейін), Есенберлин к-сі (Жеңіс даңғылынан Республика даңғылына дейін) жол телімдері жабылды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта асфальт төселуіне байланысты Бараев, Циолковский және Пушкин көшелерінде көлік қозғалысы шектелді.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 6 маусымына дейін Бараев көшесінен өтетін жол, Уәлиханов көшесінен бастап  Иманбаева көшесіне дейінгі жолдар жабылады.

3-маусымға дейін  Циолковский көшесі бойынан, Абай даңғылынан бастап Кенесары көшесіне дейінгі жолдардың асфальтын өңдеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

Пушкин көшесін Абай даңғылынан бастап  Кенесары көшесіне дейінгі аралық 5 маусымға дейін ашылуы жоспарланған.

Сонымен қатар, елордада келесі бағыттарға жол белгілерін жүргізу жұмыстары жалғастыруда: Ташенов көшесі (Республика даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін), Тілендиев даңғылы ( Сарыарқа даңғылынан «Қазмұнайгаз» ЖМС-на дейін); Қорғалжын тас жолы (801 көшесінен Бейсекова көшесіне дейін).

Осы аптаның ішінде жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109