735

«Автобус» шұғыл іс-шарасы кезінде елордада 70-тен астам ЖҚЕ бұзу анықталды

Астанада жол полициясы қызметкерлері «Автобус» шұғыл алдын алу іс-шарасының екі күнінде 70-тен астам жол қозғалыс ережесін бұзуды анықтады.

Астанада жол полициясы қызметкерлері «Автобус» шұғыл алдын алу іс-шарасының екі күнінде 70-тен астам жол қозғалыс ережесін бұзуды анықтады, - деп хабарлайды қалалық ІІД ЖПБ баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметі бойынша, жалпы ереже бұзушылықтың - 30-ы техникалық ақаулыққа, 6-уы ауаға құрамында зиянды заттары бар газ бен түтін мөлшерін  шамадан тыс шығаруға байланысты болды. 5 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны және бесеуі жол полотнасын бүлдіргені үшін жазаланды. Сонымен қатар екі адам таксиді мас күйінде жүргізгені  үшін ұсталды.

Еске салайық, «Автобус» шұғыл алдын алу іс-шарасы Астанада 28-і мен 31 мамыр аралығында жол бойындағы апатты жағдайлардың алдын алу мен автобус жүргізушілерінің көлікті жүргізу ережесін мүлтіксіз сақтауына бақылау жасау мақсатында өткізілуде. 

Жыл басынан бері елордада автобустардың қатысуымен 17 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Олардың арасында 12 ЖКО автобус жүргізушілерінің кінәсінен болып, нәтижесінде 26 адам түрлі деңгейдегі ауыр жарақаттар алған,- деп хабарлайды жол полициясы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109