537

Қаланың кейбір көшелерінде бүгін көлік қозғалысы шектелді

Бүгін Астананың кейбір көшелерінде автожолдардағы жөндеу-құрылыс жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасынан мәлім етті.

Бүгін Астананың кейбір көшелерінде жолдардағы жөндеу-құрылыс жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасынан мәлім етті. Көлік қозғалысы мына жол телімдерінде шектеледі:

•  Орынбор көшесінде Қонаев көшесінен М-2  көпіріне дейін – жолдың сол жағына асфальт төсеу

•  Қорғалжын тас жолы бойында Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейін

•  Конституция көшесінде Бейсекова көшесінен көпірге дейін – асфальт төсеп, жолды жаңарту

•  Циолковский көшесінде Абай даңғылынан Жиенқұлова көшесіне дейін жол телімін толық жабу.

Сонымен қатар, 1 шілдеге дейін жол телімдері толық жабылып:

 • Есенберлин көшесі, Жеңіс даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін

 • Мәскеу көшесі, Республика даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін

 • Жангелдин көшесі, Жеңіс даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін жаңартылады.

Сондай-ақ, жол белгілерін жүргізу жұмыстары келесі бағыттарда:

 • Сейфуллин көшесінде, Сарыарқа даңғылынан Сембинов көшесіне дейін

 • Бөкейхан көшесінде Абай даңғылынан Интернационал көшесіне дейін

 • Ақмола көшесінде

 • Абай даңғылында Уәлиханов көшесінен Пушкин көшесіне дейін

 • Мүсірепов көшесінде Абай даңғылынан Махтұмқұл көшесіне дейін жүзеге асырылады.

ІІД Жол полициясы басқармасы кептеліс жағдайларына тап болмас үшін қозғалыс бағытын алдын-ала жоспарлауды ұсынады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109