539

Астананың бірқатар көшелерінде көлік қозғалысы шектелді

Елордада жол жөндеу жұмыстары одан әрі жалғасуда. Бүгін, 17 маусымда бас қаланың бірқатар көшелерінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі.

Елордада жол жөндеу жұмыстары одан әрі жалғасуда. Бүгін, 17 маусымда бас қаланың бірқатар көшелерінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы мәлім етті. 

Асфальт төсеуге байланысты Конституция көшесінде (К.Байсейтова көшесінен Қарталы көшесіне дейін асфальт жабынын жаңарту), Жұбанов көшесінде (Жәнібек тарқан көшесінен Пушкин көшесіне дейін асфальт жабынын жаңарту), Кенесары - Пушкин көшесі қиылысында, Сығанақ - Тұран даңғылы, Кенесары көшесі мен Сарыарқа даңғылы қиылысында жол телімдерінде көлік қозғалысы шектелді.

Еске салайық, 1 шілдеге дейін Есенберлин көшесінде (Жеңіс даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін), Москва көшесінде (Республика даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін), Жангелдин көшесінде (Жеңіс даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін), Циолковский көшесінде (Абай даңғылынан Ш.Жиенқұлова көшесіне дейін) телім толық жабылып, жаңартылады.

ІІД Жол полициясы басқармасы кептеліс жағдайларының алдын алу мақсатында «қауырт шақта» 8.00-ден 10.00-ге,  13.00-ден 15.00-ге, 17.00-ден 20.00 сағатқа дейін жол бойында жұмыс жасауға тыйым салынатынын ескертеді.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109