960

Елордада «Ақылды қаланың» ірі жобалары қолға алынуда

Астана халқы үшін жаңа технологияларды пайдаланудың мүмкіндігі кеңеймек. «Smart Astana» («Ақылды қала») деп аталатын жоба аясында тұрғындардың өмірі едәуір жеңілдеп, қызмет көрсету саласының сапасы арта түседі.

Астана халқы үшін жаңа технологияларды пайдаланудың мүмкіндігі кеңеймек. «Smart Astana» («Ақылды қала») деп аталатын жоба аясында тұрғындардың өмірі едәуір жеңілдеп, қызмет көрсету саласының сапасы арта түседі. Осыған орай бүгін Астана қаласының әкімдігінде «Қауіпсіз қала - Астана қаласының тыныс-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» және «Интеллектуалды көлік жүйесі» жобалары жан-жақты қаралды. 

Рашид Аманжолов, Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

Астанада көлік кептелісі артып келеді. Күніне мыңдаған көлік қатынап, жұмысқа жету мәселесі де күрделенуде. Сондықтан біз алдағы уақытта «Ақылды бағдаршам» жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бағдаршам бір жүйеде жұмыс істеп, жол қозғалысын реттеп, діттеген жерге оңай жетудің жолын көрсете алады.  

Интеллектуалды көлік жүйесі іске қосылса, көлік кептелісін жойып, жол қозғалысының қауіпсіздігі реттеледі. Астанада күніне 400 000-ға жуық көлік қатынайтынын ескерсек, көлік кептелісі мәселесін кезек күттірмей шешу мықтап қолған алынған. Мәселен, жоба жүзеге асса, автобустар қатынайтын арнайы жол салынады деп күтілуде. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер мен 400 көше қиылысына бейнебақылау құрылғылары орнатылмақ. 

Ильдар Хисамутдинов, Астана қаласы Тіршілік әрекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесі жобасының басшысы:

Автобустарға орнатылған бейнебақылау камералары арқылы сіз өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етіп, әрі уақыт үнемдейсіз. Камера арқылы әмияныңыздың қолды болуына да тосқауыл боласыз. Сондай-ақ, автобус жүргізушісі де әрдайым бақылауда болады. Ал, ең бастысы, жұмысқа 50 минутта қатынайтын болсаңыз, жаңа жоба жүзеге асса, қалаған жерге небары 20 минутта жетуіңізге болады. 

Жалпы, 2011 жылдан бері қолға алынған «Smart Astana» жобасы әлеуметтік сала, мәдениет пен демалыс, денсаулық, экология, энергия көздерін үнемдеу сынды салаларды қамтиды. Жоба жетістігінің біріне қала мектептеріне орнатылған турникеттерді жатқызуға болады. Бұл құрылғы арқылы кез-келген ата-ана баласының қауіпсіздігін бақылай алады. Ал, «Қауіпсіз қала» жобасы жүзеге асса, 500-ге жуық мекеме маңына 30 000-дай бейнекамера орнатылуы мүмкін. Осылай «Ақылды қала» мәртебесіне ие болуды мақсат ететін Астанада жоба кезең-кезеңімен жүзеге асып, 2017 жылға тәман аяқталады деп күтілуде. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109