973

Астанада 1 қазанда Ш.Бейсекова көшесінде көлік қозғалысы жанданады

Ертең, 1 қазанда Ш.Бейсекова көшесінде Қорғалжын тас жолынан С.Сейфуллин көшесіне, Ардагерлер көшесі, Ақан сері көшесімен Н.Тілендиев даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жандандырылады.

Ертең, 1 қазанда Ш.Бейсекова көшесінде Қорғалжын тас жолынан С.Сейфуллин көшесіне, Ардагерлер көшесі, Ақан сері көшесімен Н.Тілендиев даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жандандырылады. Бұл туралы astana.kz сайтына Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Үстіміздегі жылы аталған мекеме шағын айналма жол құрамындағы Ш.Бейсекова көшесінің Н.Тілендиев даңғылынан Қорғалжын тас жолына дейінгі ұзындығы 3,7 км уческесінде жол салу жұмыстарын бастаған болатын. Бұл Сарыарқа, Тұран даңғылындағы кептелістерді азайтуға жол бермек.

«2013 жылғы 1 қазаннан бастап Ш.Бейсекова көшесінде Қорғалжын тас жолынан С.Сейфуллин көшесіне дейінгі, Ардагерлер көшесі, Ақан сері көшесімен Н.Тілендиев даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жандандырылады»,- делінген ведомство ақпаратында. 

Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысынан Сарыарқа даңғылы мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысына дейінгі бөлігінде жүк көліктің жүруіне тыйым салынады, айналып өту кестесі келесідей: Сығанақ к-сі - Бейсекова к-сі - С.Сейфуллин к-сі - Ардагерлер к-сі - Ақан Сері к-сі - Н. Тілендиев даңғ., кері қайтар жол да осындай.

Ведомствоның хабарлауынша, жүк көліктердің қозғалысына тыйым салынған аймақта арнайы жүк техникасының құрылыс нысандарына жетуі жол полициясының келісімімен ғана ұйымдастырылады.

Коммуналдық қызметтердің жүк көліктері, апаттық қызметтердің арнайы техникасы, бұл аймақтан еш кедергісіз өтеді.

Жүргізушілерді ақпараттандыру мақсатында қажетті ескерту және тыйым салу белгілері қойылады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109