1165

11-14 қазанда Тұран даңғылындағықозғалыс шектеледі

Астанада су құбырының бұзылуына байланысты 11-14 қазанда Тұран даңғылы мен Қорғалжын тас жолының қиылысында қозғалыс шектеледі. Су құбыры жөнделіп, асфальт жабыны қалпына келтірілгеннен кейін көлік қозғалысы қайта жанданады.

Астанада су құбырының бұзылуына байланысты 11-14 қазанда Тұран даңғылы мен Қорғалжын тас жолының қиылысында қозғалыс шектеледі. Су құбыры жөнделіп, асфальт жабыны қалпына келтірілгеннен кейін көлік қозғалысы қайта жанданады.

«Өздеріңіз білетіндей, екі аптаға жуық уақыт бұрын Қорғалжын тас жолында диаметрі 600 мм су құбыры бұзылған болатын. Осыған орай, 11-14 қазанда көлік қозғалысы толық жабылады, демек, біз үш күнде диаметрі 600 мм құбырды ауыстыруымыз керек», - деді елордалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рашид Аманжолов. 

Аманжоловтың айтуынша, қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 15,6 шақырымға созылған Батыс жартылай айналма жолының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоба 6 учаскеге бөлінген. Осыған орай, 2012-2014 жылдарға арналған ауқымды жұмыстар жүзеге асырылмақ. Үстіміздегі жылы Қорғалжын тас жолынан Сейфуллин көшесіне дейінгі Ардагерлер және Ақан сері көшесі арқылы Тілендиев даңғылына дейін шығатын көлік қозғалысы қамтамасыз етілген. Айта кетейік, келесі жылы жол бойын көгалдандыру , жергілікті жолдарды абаттандыру және асфальт бетонның 2 қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. 

Еске салайық, қазіргі таңда Астанада 260 мың көлік тіркелген (салыстырмалы түрде 2008 жылы 155 мыңнан астам көлік тіркелген). Бұл ретте, тринзиттік көлік ағыны да жыл сайын ұлғайып келеді. Бүгінгі таңда қала бойынша 140 мыңнан астам басқа елді мекендердің автомобильдер өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109