1042

Астанада 9 айда 15 мыңнан астам жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзған

Елордада үстіміздегі жылдың 9 айында жол қозғалысы ережелерін бұзған 15 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жол полициясы басқармасынан хабарлады.

Елордада үстіміздегі жылдың 9 айында жол қозғалысы ережелерін бұзған 15 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жол полициясы басқармасынан хабарлады.

Тәжірибе көрсеткендей, жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ бұзу салдарынан жол-көлік апаттары, авариялар мен бақытсыз жағдайлар жиі орын алады. Жыл басынан бері Астанада жаяу жүргіншілердің кінәсінен болған 125 жол-көлік апатында 10 адам қаза тауып, 124-і жарақат алған. Үстіміздегі жылдың 9 айында Жол қозғалысы ережелерін бұзған 15 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаяу жүргінші жол қозғалысының бір бөлігі болғандықтан жол қозғалысы ережелерін сақтау керек. «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» ҚР кодексіне сәйкес, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынады. Атап айтқанда, тыйым салынған, көлік жүретін жерлерден және бағдаршамның қызыл шамына жолдан өткені үшін жаяу жүргіншіге 8655 теңге көлемінде айыппұл салынады. Жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін жүйелі бұзған жағдайда 15 АЕК (25 965 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 3 тәулікке әкімшілік қамауға алу шаралары қарастырылған.  

Астанада апаттардың алдын алу және санын азайту мақсатында апта сайын жұма күндері жол полициясы жеке құрамының басым бөлігінің қатысуымен «Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі» профилактикалық күні өткізіледі. Іс-шара барысында жолды тыйым салынған жерлерден немесе бағдаршамның қызыл шамына жолды кесіп өткен тәртіп бұзушыларға баса назар аударылады. Жол полициясы инспекторлары жол-көлік апаттары жиі орын алатын жерлерде дыбыс күшейткіш құралдардың көмегімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109