1098

Елордалық полицейлер бір күнде 1 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін тіркеді

21-27 қазанда Астана қаласының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын қолға алады. Шара аясында бірінші күні жол қозғалысы ережесін бұзудың 1 мыңға жуық фактісі тіркелді.

21-27 қазанда Астана қаласының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын қолға алады. Шара аясында бірінші күні жол қозғалысы ережесін бұзудың 1 мыңға жуық фактісі тіркелді, деп хабарлады astana.kz сайтына Жол полициясы басқармасынан.

Іс-шара барысында жол полициясының жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет етеді, жолдардағы нарядтар саны ұлғайтылды, жол қозғалысын қадағалау жұмыстарына қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы аппаратының қызметкерлері тартылды.

Жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараның негізгі мақсаты жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, ЖҚЕ талаптарын орындамайтын, соның ішінде қоғамдық көлік пен такси жүргізушілерін анықтау болып табылады. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің ішінде де тәртіп бұзушыларды анықтау бойынша рейдтер ұйымдастырылады.

Еске салайық, 9 айда елордада 494 жол-көлік апаты орын алып, 48 адам көз жұмды, 532-сі түрлі жарақаттар алды. 

Іс-шараның алғашқы күнінің қорытындысы бойынша жол полициясы қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 мыңнан астам фактісін тіркеді. Атап айтқанда, басып озу және маневр жасау ережелерін бұзған 120, жылдамдықты шамадан тыс асырған 65, қауіпсіздік белдігін тақпаған 82, ұялы телефон пайдаланған 80, қарсы жолға шығып кеткен 15 және көлікті мас күйінде басқарған 8 жүргізуші ұсталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109