1271

Елордада бір аптада 8 мың жол қозғалысы ережесін бұзудың алды алынды

Елордада 21-27 қазанда «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Аталған мерзімде жол полициясы қызметкерлері 7745 жол жүру ережесін бұзу оқиғасын анықтады. Бұл туралы өткен баспасөз мәслихатында Әкімшілік полиция басқармасы жетекшісінің орынбасары Бауыржан Шоланов мәлімдеді.

Елордада 21-27 қазанда «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Аталған мерзімде жол полициясы қызметкерлері 7745 жол жүру ережесін бұзу оқиғасын анықтады. Бұл туралы «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Әкімшілік полиция басқармасы жетекшісінің орынбасары Бауыржан Шоланов мәлімдеді. 

«Жедел алдын алу іс-шарасы барысында бір аптада апаттылыққа әсер ететін 7745 жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғасы анықталды. Соның ішінде, 1032 басып озу, маневр жасау тәртібін бұзу; 450 белгіленген жылдамдықты арттыру; 95 апаттық жағдай тудырған оқиға тіркелді; 620 жүргізуші қауіпсіздік белгідін тақпаған; 524-і ұялы телефонды пайдаланған; 296 көлік жолдың қарсы бағытына шығып кеткен; 84 адам көлікті мас күйінде жүргізген; жүріс бөлігін анықталмаған жерден өткен 966 жаяу жүргінші ұсталды», - деді Бауыржан Шоланов баспасөз мәслихаты барысында.

Оның айтуынша, аталған жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты жолдарда жол-көлік окиғаларының санын азайту және жол қозғалысы ережесін елемейтін жүргізушілерді ұстау болып табылады.

Айта кетейік, іс-шараны өткізу кезінде жол полициясының жеке кұрамы күшейтілген тәртіпте қызмет атқарды, сонымен қатар, жол қозғалысын қадағалау үшін Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы аппаратының жеке құрамы тартылып, наряд тығыздығы ұлғайтылды.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың 9 айында Астанада 494 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның ішінде 48 адам қайтыс болып, 532 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Ал өткен жылдың сәйкес мерзімінде 375 жол-көлік апаты орын алып, 38 адам қаза тауып, 403 адам түрлі дене жарақаттарын алған болатын. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109