1274

Астанада шағын айналма жолды салу жұмыстары екінші жартыжылдықта жалғасады

Астанада шағын айналма жолды салу барысында Ш.Бейсекова көшесін Н.Тілендиев даңғылына дейін созу жұмыстары үстіміздегі жылдың екінші жартысында жалғасады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады. Н.Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай 5 көше салынуы тиіс.

Астанада шағын айналма жолды салу барысында Ш.Бейсекова көшесін Н.Тілендиев даңғылына дейін созу жұмыстары үстіміздегі жылдың екінші жартысында жалғасады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады. 

«Үстіміздегі жылдың екінші жартысында Ш. Бейсекова көшесін Н.Тілендиев даңғылына дейін созу көзделген. Бұл Тілендиев, Сарыарқа, Тұран, Бөгенбай батыр даңғылдарындағы қозғалысты жеңілдетеді. Сонымен қатар, №14 көшенің Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігін аяқтау жоспарланған. Бұл Б.Момышұлы, Абылай хан даңғылдары мен Айнакөл көшелеріндегі көлік ағынын азайтады. Бұдан басқа, Тұран даңғылынан Ш.Бейсекова көшесіне дейінгі Сарайшық көшесінің (3 км) құрылысы қолға алынады. Бұл Қорғалжын тас жолындағы, Қабанбай  батыр және Тұран даңғылдарындағы қозғалысты жеңілдетеді», - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Н.Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай жалпы ұзындығы 4,6 км 5 көше салынуы тиіс. 

«Үстіміздегі жылы жол салу жұмыстарының І кезеңі басталады (2,1 км): Алматы-2 к-сінің Сейфуллин к-сінен Сарыбұлақ бұлағы арқылы өтетін көпірге дейінгі бөлігі (1,1 км), Алматы-1 к-сінің Жангелдин к-сінен Сейфуллин к-сіне (0,4 км) дейінгі бөлігі, Ш.Бейсекова к-сінен №67 мектепке дейінгі жол (0,6 км)», - деп хабарлады ведомстводан. 

Сондай-ақ, Сарайшық көшесінің аумағында 2 кезеңмен жалпы ұзындығы 8,2 км сегіз көше салу жоспарланған.  

Басқарманың хабарлауынша, биыл Баянтау к-сінің Қошқарбаев к-сінен № 41 көшеге дейінгі бөлігі (1,3 км), М.Жұмабаев даңғылының Қошқарбаев к-сінен № 41 көшеге дейінгі бөлігі (0,5 км), №15,16 көшелердің Қордай к-сінен М.Жұмабаев даңғылына (1 км) дейінгі бөлігінде құрылыс жұмыстарының І кезеңі (2,8 км) басталады; 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109