1165

Елордада «Астана Таңдауы» байқауының әлеуетті қатысушылары шағын айналма жолды салып жатыр

Елордада қазіргі уақытта жол салушылардың ішінде «Астана Таңдауы» байқауының әлеуетті қатысушылары да шағын айналма жолды салу жұмыстарын жүргізуде, оның басты мақсаты Астанада көлік ағынын азайту, және жалпы, елордалық жолдардың сапасын арттыру болып табылады.

Елордада қазіргі уақытта жол салушылардың ішінде «Астана Таңдауы» байқауының әлеуетті қатысушылары да шағын айналма жолды салу жұмыстарын жүргізуде, оның басты  мақсаты Астанада көлік ағынын азайту, және жалпы, елордалық жолдардың сапасын арттыру болып табылады. Бұл туралы astana.kz сайтына "Бәйтерек" халықаралық медиа орталығынан хабарлады.

Әрине, бұл жол салушылардың қажырлы еңбегінің жемісі, «Астана Таңдауы» қалалық байқауы оларды көпшілікке танытуға арналады. Аталған байқау үшінші жыл қатарынан негізге алынатын батыл маман иелерінің басын қосып келеді.

Бұрын хабарланғандай, «Астана Таңдауы» жобасының басты идеясы қала тұрғындарының пікірі бойынша үздік маман иелерін, атап айтқанда мұғалімді, қоғамдық көлік жүргізушісін, учаскелік инспекторды, дәрігерді, энергетикті, жол жөндеушіні және құрылысшыны анықтау және көтермелеу болып табылады. Байқау «Өз таңдауыңды жаса  ең үздігін анықта!» ұранымен өтіп жатыр. Ал жобаны өткізуге 2012 жылы Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов бастамашы болған. 

Қазіргі кезде жол салушылар Астананың ең маңызды мәселелерінің бірін шешуде. Өйткені, кептелістер қала тұрғындары үшін таныс жайт болып табылады. Бүгінгі таңда №12, №14, Угольная және Ш.Бейсекова көшелерін қамтитын жалпы ұзындығы 35 км шағын айналма жол салынып жатыр, 20,5 км жол, 4 көлік жолайырығы, 3 жол өтпесі мен 2 көпірдің құрылысы аяқталды.

2013 жылы шағын айналма жол аясында Ш.Бейсекова көшесінде Қорғалжын тас жолынан С.Сейфуллин көшесіне дейінгі бөлігі ашылды. Ал Ш.Бейсекова көшесімен Есіл өзені арқылы қозғалысты ашу Тұран, Сарыарқа даңғылдарындағы көлік ағынын азайтуға мүмкіндік берді. Бірінші кезекте, аталған бағыттар бойынша көп жағдайда кептелістердің орын алуына себеп болатын жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды. Сонымен қатар, биыл Ш.Бейсекова көшесін Тілендиев даңғылына дейін ұзарту көзделген. Жалпы алғанда, шағын айналма жолдың құрылысы, аталған магистральдардан басқа Бөгенбай батыр, Абылай хан даңғылдарында, Ш.Құдайбердіұлы көшесінде, Жеңіс, Момышұлы даңғылдарында, Қорғалжын тас жолында және т.б. жолдарда көлік ағынын азайтуға жол береді.

Еске салайық, өтініштерді қабылдау 1-31 мамырда өтеді. Ал 1-20 маусымда www.astana.gov.kz сайтында ашық дауыс беру арқылы үздік маман иесі анықталады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Елорда күні қарсаңында өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109