1197

Жөнделген жолдың санынан сапасы артық

Әдетте жөнделіп жатқан жолға қарап, парқына бармастан қайта-қайта неге жаңартылады деген ойға шомамыз. Алайда, климаттық жағдайлар, адамдық факторлар жолдың сүріліп, мүжіліп кетуіне әсер етпей қоймайды. Қазір елордадағы жолдың сапасын француздық компания бақылайды. Bureau Veritas техникалық қадағалауды жүзеге асыратын барлық ұйымдарда, асфальт бетон зауыттары мен құрылыс кәсіпорындарында ревизия жүргізеді.

Әдетте жөнделіп жатқан жолға қарап, парқына бармастан қайта-қайта неге жаңартылады деген ойға шомамыз. Алайда, климаттық жағдайлар, адамдық факторлар жолдың сүріліп, мүжіліп кетуіне әсер етпей қоймайды. Қазір елордадағы жолдың сапасын француздық компания бақылайды. Bureau Veritas техникалық қадағалауды жүзеге асыратын барлық ұйымдарда, асфальт бетон зауыттары мен құрылыс кәсіпорындарында ревизия жүргізеді.

Гүлжан Бидибекова, сертификаттау бөлімінің басшысы:

«Астанада жол сапасы туралы көп айтамыз. Экология, еңбекті қорғау туралы көп айтамыз. Құр сөзбен айтқаннан жұмысшылар өздері түсініп жатыр білім жетпейді. Осындай тренингтар көбірек болса, компаниялар да өседі, қаладағы жол да өзгереді».

Компанияның мақсаты тексеріп қана қоймай, құрылысшыларды бәсекеге қабілетті болуға шақырады. Арнайы курсты тәмамдап, біліктілікті жетілдіргеннен кейін Bureau Veritas арнайы сертификат та тапсырады. Ниет білдіргендер үшін жиі тренингтер өткізіліп, кәсіби мамандардың қатысуымен шеберлік дәрістерін де ұйымдастырады.

Ғалия Айтқали, Астана қаласы «Төре-Чингизид ЛТД» бас директорының орынбасары:

«Мұндай тренингтер өте қажет. Өйткені адам баласы оқып, білгенде ғана санасын кеңейіп, біліктілігін шыңдайды. Қазір біздің компания Күйші Дина көшесінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сапалы жұмыс істеуге тырысамыз. Алайда, жауын-шашын, жер астынан шығатын су жолдың сапасын түсіреді. Десе де ел астанасына лайықты қызмет етуге ұмтыламыз».

Жол құрылысы саласын жетілдіру үшін арнайы тартылған инспекциялық-сертификаттау компаниясы бүгіннің өзінде бірнеше көшедегі жөндеу жұмысынан ақау тауып, қайта жөндеуден өткізуді тапсыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109