1164

Елордада қоғамдық көлікпен жүру тарифының қымбаттауының себебі белгілі болды

Елордада қоғамдық көлік жолақысының қымбаттауы бүгінде өзекті тақырыпқа айналып отыр.

Елордада қоғамдық көлік жолақысының қымбаттауы бүгінде өзекті тақырыпқа айналып отыр. Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжоловтың хабарлауынша, Астанада қоғамдық көлікпен жүру ақысы 2008 жылдан бері 60 теңге мөлшерінде өзгеріссіз қалып келеді. Бұл саланың дамуы үшін жеткіліксіз. Тарифтың қымбаттауы дизельдік отынның 75 теңгеден 115 теңгеге (53,3%) көтерілуімен байланысты. Сонымен қатар, тасымалдаушылардың қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушы бұйымдарға жұмсалатын шығындары 80% артқан, ал елорда тұрғынының орташа еңбекақысы 89,6 мың теңгеден 158,9 мың теңгеге (77,3%) дейін ұлғайды.

Үстіміздегі жылы сәуір айында қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының атына тасымалдаушылардан жолаушылар көлігімен жүру тарифін қайта қарау туралы өтініш келіп түсті. Елордада қызмет көрсететін 8 компания қазіргі бағаларды ескере келе, бір жолаушыны тасымалдаудың өзіндік құнын ұсынды. 

«№5 Автопус паркі» ЖШС есептеуінше бір адамды тасымалдауға жұмсалатын шығын 92,4 теңгені, «№1 АП» АҚ 95,4 теңгені; «№3 АП» АҚ 106,1 теңгені»; «№2 АП» АҚ 106,8 теңгені құрады. «№4 АП» ЖШС есептеуінше, 107,5 теңге; «Темір Тұлпар» ЖШС 110,6 теңге; «Жорға» ЖШС 111,3 теңге және «№ 8 АП» 118,1 теңге шыққан.

Ведомствода арнайы жұмыс тобы құрылды. Ұсынылған есептеулерді қараған соң мынадай тарифтер ұсынылды: ересектер үшін 90 теңге, балалар үшін 40 теңге. Бұл ретте Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №410/54-IV шешімімен анықталған азаматтар үшін жеңілдетілген жол жүру шарттары өзгеріссіз қалады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109