1228

Жаңа электронды жолақы төлемі жүйесі сапарларды ыңғайлы етеді

Астанада қоғамдық көлікпен жүруді қолайлы әрі тиімді ету үшін келер жылы арнайы пластик және қағаз карточкалардың көмегімен жұмыс істейтін электронды жолақы төлемі жүйесі (ЭЖТЖ) енгізіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.

Бұл ретте жолақы құны аялдамалардың санына байланысты белгіленеді. Мысалы, қазіргі кезде жолаушылар ақшаны үнемдеу мақсатында ұзақ жүретін бір бағдардағы автобусқа отырса, электронды жолақы төлемі жүйесі енгізілген соң олар артық ақша жұмсамай бірнеше маршрутпен жол жүре алатын болады.

Карточкалардың негізгі 4 түрі болады: зейнеткерлерге, мүгедектерге, оқушыларға және студенттерге арналған дербес пластикалық карта. Екіншісі  қала тұрғындарына арналған қарапайым пластик карта. Бұл өзіндік электронды әмиян іспетті, оны әр түрлі жолдармен толтырып отыруға болады. Үшінші түрі бірнеше сапарға алдын ала сатып алынған қағаз жол жүру билеті. Бұл қала қонақтары үшін тиімді. Ең соңғысы, әдеттегі қағаз билет. Оны қолма-қол ақша төлеу арқылы автобус жүргізушісінен сатып алуға болады.

Жоба 2015 жылы жазда іске қосылады. ЭЖТЖ бірінші кезеңінде Астана қаласының жолаушылар автобустарында, содан кейін BRT жедел жүретін автобустарда да енгізілмек.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109