1209

Астаналық мектеп оқушыларына дұрыс таңдау жасауға көмектеседі

Астаналық еңбек нарығында техникалық мамандықтарға сұраныс үлкен екені ешкімге де құпия емес.

Астаналық еңбек нарығында техникалық мамандықтарға сұраныс үлкен екені ешкімге де құпия емес. Соған қарамастан елордадағы мектеп оқушыларының көпшілігі гуманитарлық бағыттарда оқып шығып, кейін жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болады. 

Еңбек нарығындағы осындай мамандықтардың сұраныстарын реттеу мақсатында қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Нұр Отан» ХДП-мен бірге жастар үшін «Дұрыс таңдау жаса» арнайы акциясын ұйымдастыруда.

Аталған акция аясында елордалық мектеп оқушылары арасында профориентациялық жұмыстар жүргізілуде. 

«Балалар қаладағы ең сұранысқа ие мамандықтармен жақын танысып, сондай-ақ,  көрмеге қойылған 30-дан астам мамандықтардың  оқушылар  жетістіктері мен артықшылықтарын көздерімен көре алады», - деп хабарлайды қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 

Іс-шара 23 сәуір күні сағат 10-нан 17.00-ге дейін Конгресс-холл сарайында өтеді. Сұранысты мамандық көрмесінен бөлек, жұмыссыздарға ыңғайлы жұмыс табуға мүмкіндік туғызатын, сондай-ақ, жұмыс берушілерге өздерінің жұмыс орындарын жабдықтайтын бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. 

Басқарманың мәліметі бойынша, бұл күні 1000-нан аса бос жұмыс орны жұмыс іздеушілерге ұсынылатын  болады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109