669

Елорадалық мектеп оқушыларына техникалық мамандықтар таныстырылды

23 сәуірде Конгресс-холлда «Өз таңдауыңды жаса» атты жастар үшін ауқымды акция өткізілді.

23 сәуірде Конгресс-холлда «Өз таңдауыңды жаса» атты жастар үшін ауқымды акция өткізілді. Іс-шараның мақсаты – биыл мектеп бітіретін түлектерге техникалық және технологиялық мамандықтардың артықшылықтарын көрсету болатын. 

«Біз бұл мамандықтарды биыл 9 сыныпты бітіретіндер үшін өткізіп жатырмыз. Бұл жерде Астананың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар ұсынылған. Біз оларға бұл мамандықтарды қандай жақсы кәсіптің тізгінін ұстауға болатындығын, сол арқылы сантехник, электрик, дәнекерлеуші мамандығына оқып шыққан жандардың қандай пайдаға кенелетіндігін дәлелдегіміз келді», - деп хабардайды  astana.kz сайтына Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры  Аманжол Әбдірахманов.

Оның айтуынша, Астанада медицина, қоғамдық тамақтандыру, жеңіл өнеркәсіп мамандықтарына сұраныс артып отырғанда экономист, заңгерлікке оқудың еш қажеті жоқ көрінеді. 

«Қазір көптеген адамдар жоғары білімімен жұмыссыз жүр. Ал біздің Орталықта 3000-ға тарта техникалық мамандықтардың бос орыны бар», - деді ол.

Акцияға орта мамандықтар даярлайтын елорданың оқу орындары белсене атсалысты. Конгресс-холлдың бірінші қабатында нағыз жәрмеңке қызып, сатушылар рөлінде қаланың колледж, кәсіптік лицейлері жұртшылық назарын аудара білді. Тауар ретінде олар талапкерлер оқып шығатын түрлі техникалық мамандықтарды ұсынды. 

Мәселен, Астананың технологиялық колледжі тұтас шаштараз салонымен оқушылардың қызығушылығын туғызды.

«Мен осы мамандыққа оқуды таңдадым. Өйткені, мен бала кезімнен сұлулыққа жаны құштар адамның бірімін», - деп сырын ашты astana.kz сайтына осы оқу орнының  студенті Валерия Семакина.

Астананың техникалық колледжі жәрмеңкеде сұранысқа ие төрт мамандықты ұсынды. Олар: лифтер, электровоз машинисінің көмекшісі, кең бейінді станокшы және электрик. Лифтерлер көрме үшін лифта үлгісін әзірлепті; электровоз машинисінің көмекшісі Астанада жасалатын KZ8A электровозының үлгісін жасаса; ал кең бейінді станокшылар сан түрлі детальдар мен мангал және барбекті қойыпты.

  «Мен электровоз машинисінің көмекшілігіне оқудамын. Маған темір жолмен сапар шеккен өте ұнайды», - дейді Техникалық колледждің студенті Виталий Меньшеков.

Оқушылар көрмеден өздеріне керекті саналуан қызықты да пайдалы жайларды көрді. Олардың көбі биыл 9 сыныпты аяқтайды. Сондықтан өздерінше ой түйді. 

«Мен мұнда болашағымды таңдау үшін келдім. Мамандық таңдау адам өміріндегі ең жауапты кезең ғой», - дейді  Муса Мусин. – Мәселен, Түркияға барып, тегін ағылшын тілін үйренуге болатындығын білдім. Мен туризм саласында қызмет істегім келеді».

Іс-шараға 30-дан астам жұмыс беруші шақырылды. Олардың қатарында құрылыс компаниялары, қонақ үй бизнесі мен ірі супермаркеттердің  өкілдері, Астана қаласының ІІД және ТЖД қызметкерлері бар. Олар жұмыс іздеушілерге 1000-нан аса бос жұмыс орнын ұсынды.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109