626

Елордалық студенттер жазғы каникул кезінде жұмысқа орналастырылатын болады

Астанада аула клубтарының Тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда. Соның аясында енді студенттер жазғы демалыстары кезінде жұмысқа орналастырылатын болады.

Астанада аула клубтарының Тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда. Соның аясында енді студенттер жазғы демалыстары кезінде жұмысқа орналастырылатын болады. Бұл туралы 29 мамырда өткен Астана қаласы әкімдігі жанындағы Жастар істері Кеңесінің отырысы барысында белгілі болды. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Елордада аула клубтарын дамытудың бірыңғай Тұжырымдамасы әзірленеді. Ол жасөспірімдер мен жастарды, педагогтарды көбірек тартып, жұмысты жандандыруға мүмкіндік береді»,- деді ведомство.

Жиынның басты тақырыптарының бірі жастарды еңбекпен қамту мәселесі болды. Көптеген студенттер демалыс уақытында елордада қалып, алдағы оқу жылына қамданатыны анық жайт. Дегенмен, олар еңбек етіп жүрген кәсіпорындарда еңбекті қорғау  және техника қауіпсіздігі сақтала бермейді.

  Аstana.kz сайтына хабарлағандай, қазіргі таңда Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарманың бастамасымен Астанада кәсіпорындармен меморандум жасасу қаралатын болады.

«Бұл көптеген студенттердің жазғы демалыс уақытында жұмыспен қамтылуына мүмкіндік туғызады. Аталған келісім жұмыс берушілердің студенттер жұмыс істейтін орындардағы қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау  жауапкершілігін арттырмақ»,- деп мәлімдеді басқармадан. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109