552

Қазақстандықтарда жұмысқа орналасудың жаңа мүмкіндіктері ашылды

Елімізде тұңғыш рет 19-21 маусымда жалпыреспубликалық «Мамандықтар жәрмеңкесі» өтеді. Бұл жәрмеңкенің ерекшелігі сонда - енді жұмыс беруші өзінің болашақ қызметкерін оқытуға тікелей қатысатын болады.

Елімізде тұңғыш рет 19-21 маусымда жалпыреспубликалық «Мамандықтар жәрмеңкесі» өтеді. Бұл жәрмеңкенің ерекшелігі сонда - енді жұмыс беруші өзінің болашақ қызметкерін оқытуға тікелей қатысатын болады, - деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 

 Жәрмеңкенің басты ерекшелігі - жұмыс берушілер мамандарды дайындау үшін өздері қалаған оқу орнын таңдап, ондағы болашақ қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынас орнатуында. Мәселен, компанияға слесарь немесе IT-маманы қажет делік. Мұндай жағдайда, компания өкілі өзіне лайықты кандидатурамен танысып, болашақтағы қызметкері білім алатын оқу орнына таңдау жасайды. Сондай-ақ, жұмыс беруші мен қызметкер арасында келешекте одан әрі жұмыс істейтіндігін растайтын әлеуметтік шарт жасалынады. Осылайша, мамандықтарға араналған жәрмеңкенің арқасында, кәсіптік дайындау - жұмыс берушінің талабына сай жүзеге асырылатын болады.

«Мамандықтар жәрмеңкесіне» 14 облыстың орталықтарын қамтитын болады. Оған ірі компаниялардың, кіші және орта бизнестің, оқу орындарының өкілдері мен білім алған мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқысы келетін қазақстандық жұмыссыздар қатыспақ.

«Мамандықтар жәрмеңкесі» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген жаңа жоба «Жұмыспен қамтудың Жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылып отыр.

Сонымен бірге, барлық аймақтарда онлайн-режимінде жәрмеңкеге қатысуға ниет білдірген қатысушылардың тізімі жасақталып, іс-шаралар жергілікті және республикалық деңгейдегі БАҚ-да жарияланатын болады.

Жәрмеңке 19 маусым күні бүкіл ел аумағы бойынша таңғы тоғызда басталады деп жоспарлануда. Оның қорытындысы 21 маусым күні Шығыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамтудың Жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру бойынша өтетін  жалпы республикалық форумда белгілі болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109