621

Астанада «Мамандықтар жәрмеңкесінде» 1000-ға тарта бос жұмыс орны ұсынылды

Бүгін Астанадағы Конгресс-Холл сарайында жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде. Бүгін мұнда қаланың түрлі мекемелерінен 1000-ға тарта бос жұмыс орындары ұсынылған.

Бүгін Астанадағы Конгресс-Холл сарайында жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының Астана қалалық филиалы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жастар саясаты мәселелері басқармысы мен ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ бірігіп, «Мамандықтар жәрмеңкесін»  ұйымдастыруда. 

Бүгін мұнда қаланың түрлі мекемелерінен 1000-ға тарта бос жұмыс орындары ұсынылған. Сонымен қатар, өздерінің кәсіптік білім деңгейлерін көтергісі келетіндер үшін тренингтер мен семинарлар да өткізілуде. 

 «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасында қойылып отырған міндеттер, жұмысқа орналастырудың ең өзекті,  соның ішінде сапалы білім алып, сол білімді тәжірибе жүзінде өмірдің барлық саласына қолданғысы келетін жастардың мәселелерін қамтиды. Біз Елбасы алға қойып отырған идеялардан тыс қала алмаймыз. Өйткені олар, бәрінен бұрын, әлеуметтік-еңбек қатынасының тиімді үлгідегі жоғары құқықтық базасын түпкі нәтижеде, жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгідей  «Мамандықтар жәрмеңкесін» біз тұрақты өткізіп тұратын боламыз»,- деді «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының Астана қалалық филиалының төрағасы Мейрамбай Оралов. 

«Жәрмеңкеде 50 жұмыс беруші 1000-нан астам жұмыс орнын ұсынады. Негізінен олар құрылысшы, қалыпқа келтіруші, даяшы, аспаз, сатушы, тағы басқа да мамандықтарға қатысты. Жәрмеңкеге тілек білдірушілердің барлығы да қатыса алады. Жұмыс іздеушінің өзімен бірге түйіндемесі болғаны жөн»,- дейді astana.kz сайтына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Олжас Омар.

 Сондай-ақ, бүгін шетелде біліктілігін жетілдіргісі келетіндерге «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Қазақстан Республикасы Президентінің  «Болашақ» стипендиясы аясында «Ғылыми-педагогикалық, инженерлік-техникалық және медицина қызметкерлері үшін сынақтан өту» бағдарламасының тұсаукесерін өткізді.  

Бұған дейін astana. kz сайтында жазылғандай, елімізде тұңғыш рет 19-21 маусымда жалпыреспубликалық «Мамандықтар жәрмеңкесі» өтуде. Бұл жәрмеңкенің ерекшелігі сонда - енді жұмыс беруші өзінің болашақ қызметкерін оқытуға тікелей қатысатын болады.

Жәрмеңкенің басты ерекшелігі - жұмыс берушілер мамандарды дайындау үшін өздері қалаған оқу орнын таңдап, ондағы болашақ қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынас орнатуында. Мәселен, компанияға слесарь немесе IT-маманы қажет делік. Мұндай жағдайда, компания өкілі өзіне лайықты кандидатурамен танысып, болашақтағы қызметкері білім алатын оқу орнына таңдау жасайды. Сондай-ақ, жұмыс беруші мен қызметкер арасында келешекте одан әрі жұмыс істейтіндігін растайтын әлеуметтік шарт жасалынады. Осылайша, мамандықтарға араналған жәрмеңкенің арқасында, кәсіптік дайындау - жұмыс берушінің талабына сай жүзеге асырылатын болады.

Жәрмеңкенің қорытындысы 21 маусым күні Шығыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамтудың  Жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру бойынша өтетін  жалпыреспубликалық форумда белгілі болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109