834

Елордада кәсіптік дайындық пен біліктілігін көтеруге 200 адам жіберілді

Астанада жұмыссыздарға айырықша көңіл бөлінуде. Мұнда кәсіптік дайындық пен жұмыссыздарды қайта оқыту жүргізіледі, - деп хабарлайды Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Астанада жұмыссыздарға айырықша көңіл бөлінуде. Мұнда кәсіптік дайындық пен жұмыссыздарды қайта оқыту жүргізіледі, - деп хабарлайды Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

«Астана қаласының 2011-2015 жылдарғы даму бағдарламасы» іс-шаралар жоспарында 900 жұмыссызды 58 619 мың теңге жұмсап, кәсіптік оқыту қарастырылған. Биылғы жылы кәсіптік оқыту мен қайта оқытуға және біліктілігін көтеруге 200 адам жіберілді»,- делінген ведомство хабарламасында.

Аталған іс-шара еңбек нарығын жұмыс күшімен толықтыру, сондай-ақ, халықты еңбекпен қамту мақсатында өткізіліп отыр. 

Ведомствоның мәліметі бойынша, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін  «Іскер» бизнес академиясы", «Нейстон», «Ақмола  оқу-курстық комбинаты», «Инсар-Астана», «Оқу автоорталығы», «Отан» РҚБ, «Шаштараздар мектебі» және «Отан» РҚБ КТУО филиалы сияқты мекеме, кәсіпорындармен екі жақты келісімдер жасалды.

Жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту мен қайта оқыту және біліктілігін көтеру 36 түрлі мамандық бойынша жүзеге асырылуда. 

Жыл басынан бері бөлім мамандары кәсіптік оқыту бойынша 425 кеңес берген. 

Сонымен қатар, жұмыссыздар үшін әлеуметтік қорғаудың қосымша іс-шаралары ретінде медициналық тексерілу мен жол ақысы өтемақыларын төлеу қарастырылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109