687

Түлектерге арналған "Сәтті қадам"

Астанада «Сәтті қадам» жобасын жүзеге асыру қолға алынды, оның аясында 300 түлек ірі ұлттық компанияларда және мемлекеттік органдарда машықтанудан өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатынан хабарлады.

Астанада «Сәтті қадам» жобасын жүзеге асыру қолға алынды, оның аясында 300 түлек ірі ұлттық компанияларда және мемлекеттік органдарда машықтанудан өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатынан хабарлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Сәтті қадам» жобасын жүзеге асыру идеясы кездейсоқ емес. 

«Жас Отанға бір ғана сұрақпен келген студенттер көп. Жұмысты айтпағанда, жай машықтануға орналасудың өзі де қиын. Жобаға қатысатын ЖОО түлектері жұмысқа орналастырылмайды, оларға өзін жан-жақты көрсетіп, мемлекеттік органның немесе ұлттық компанияның атынан жақсы ұсыныстар алуға мүмкіндік беріледі, - дейді жас отандықтар.

Жобаға ЖОО-ның 300-ден астам түлегі қатысады. Бұл ретте жоғары білім алған жастарға басымдық беріліп отыр, осылайша, компаниялар мен мемлекеттік органдарға машықтанудан өтуге қолында дипломы бар мамандар тартылады. Олар өзін бастамашыл және белсенді маман ретінде көрсетуге уақыт пен мүмкіндікке ие болады.

Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, іріктеудің басты критерилері -үлгерімінің орташа балы, қоғамдық іс-шараларға, олимпиадаларға қатысуы болып табылады.

Топ жарған түлектер әңгімелесуге шақырылады. Сұхбатты 3 адамнан тұратын тұрақты комиссия жүргізеді. 

«Болашақ машықтанушылардың білімі емес, тіл тапқыштығы, ашықтығы, білім алуға және қызмет етуге ниеті тексеріледі», - деді Жас Отан өкілдері.

Машықтанудан өтуге іріктеу жылына 2 рет - күзде және көктемде өткізіледі. Ұзақтығы - 3 ай. Өтініштерді қабылдау бүгіннен басталып, тамыздың 15-не дейін жалғасады. Одан кейін 25 тамызға дейін ЖОО-ның үздік түлектерін іріктеу жүргізіледі. Түлектер 1 қыркүйектен бастап машықтануға кіріседі. Жас Отандықтардың айтуынша, 6 министрлік пен 8 ұлттық компания «Сәтті қадам» жобасына қатысуға ниет білдірді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109