1274

«Железнодорожный» тұрғын үй алабында бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен «Железнодорожный» тұрғын үй алабында бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Бүгін Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен «Железнодорожный» тұрғын үй алабында бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл Астанада өткізіліп отырған 5-ші жәрмеңке. Аталмыш іс-шара адамдарды жұмыспен қамтуға көмектесу, оларға әлеуметтік қорғау шаралары туралы ақпарат беру және жалпы, еңбек нарығындағы жағдай туралы айтып беру мақсатында өткізіліп отыр.

«Железнодорожный тұрғын үй алабының тұрғындарына арналған жәрмеңке нақ осы аудан тұрғындарын қамту, жастар мен жұмысқа орналаса алмай жүргендерге жұмыс табу мүмкіндігін беру үшін ұйымдастырылды. Оған білім, қызмет көрсету, құрылыс және өндірістік салалардан 15-тен астам жұмыс беруші қатысуда»,- деді astana.kz  сайтына берген сұхбатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Олжас Омар.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде Басқарма мамандары түрлі мәселелер бойынша консультациялар беріп, тұрғындарға қайта даярлаудан өтуді және оқу орындарының түлектеріне жаңа кәсіпті игеруді ұсынады.

Бұдан басқа, Астана қаласының Еңбекті қорғау басқармасының қызметкерлері келушілерге қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері, ал МЗТО мамандары зейнетақы мен жәрдемақы алуға құжаттарды қабылдау тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жәрмеңке Жамбыл Жабаев 20 көшесінде орналасқан ғимаратта сағат 13.00-ге дейін өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109