1233

«Интернациональный» тұрғын үй алабында бос орындар жәрмеңкесіне 25 жұмыс беруші қатысуда

Бүгін «Интернациональный» тұрғын үй алабында №44 орта мектеп ғимаратында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Бүгін «Интернациональный» тұрғын үй алабында №44 орта мектеп ғимаратында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Онда 25 жұмыс беруші қызмет көрсету, құрылыс, білім және басқа да салалар бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Сонымен қатар, жәрмеңкеде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары әр түрлі мәселелер бойынша кеңестер беріп, қайта оқыту және жаңа мамандық алудың мүмкіндіктері, оқу орындарының түлектеріне жастар тәжірибесінен өту мүмкіндіктері туралы көпшілікті хабардар етуде.

«Бүгін мектеп түлектері үшін кәсіптік бейімделу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Яғни, мұнда 5 колледж келіп отыр, олар 9 және 11 сынып оқушыларын колледждерде білім алуға тартатын болады, яғни, мектепті тәмамдаған соң қандай мамандықтарды игеруге болатынын, қалай оқытатындарын және оқуды бітірген соң қайда жұмыс істейтіндері туралы айтып, көрсетіп берді.

Мұнымен қоса, биыл жұмыссыз жүрген әйелдер үшін және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеке-жеке бос орындар жәрмеңкелерін өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді елордалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Олжас Омар astana.kz сайтына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қыркүйек айының соңына дейін қалалық колледждерде тегін білім алуға қабылдау жүргізіліп жатыр. 

«Біз колледждерде тегін білім алуға қабылдау жүргізіп жатырмыз. Яғни, мектеп оқушыларын, білімі жоқ адамдарды, жасына қарамаймыз, 11 сыныптық білімі болса болды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы колледжге түсуге болады. Бұл жолы киім модельері, байланыс монтаждаушысы, кабель тартушы, кіші медбике және дизайнер мамандықтары бойынша оқытамыз», - деді О.Омар.

Жәрмеңкеде Астана қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кеңестер беріп, Зейнетақы төлеу мемелекеттік орталығы (ЗТМО) зейнетақы мен жәрдемақы алуға құжаттарды жинау тәртібі туралы айтып беруде. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109