1237

Жұмыссыз жүрген жастар үшін бос орындар жәрмеңкесі өтуде

Астанада Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Астанада Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады. 

Бос лауазымдар жәрмеңкесі бұл - бірнеше сағат ішінде ондаған жұмыс берушімен сұхбаттасатын жұмыссыздарға өте қолайлы мүмкіндік, дейді орталықтағылар.

«Бүгінгі жәрмеңкеге 15-тен артық жұмыс беруші шақырылды. Мысалы, елордалық ІІД күзет саласынан 200 бос орын ұсынып отыр, бұдан басқа, бала бақшалар датәрбиешілер мен көмекшілер іздеуде, құрылыс ұйымдары көптеген бос орындар ұсынып отыр» -  деді astana.kz сайтына берген сұхбатында Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» ҚМК қабылдау және жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Аяжан  Қазкеева.

«Бұл биыл өткізіліп отырған 12-ші және соңғы бос орындар жәрмеңкесі, ол арнайы жастар үшін өткізіліп отыр. Сонымен қатар, 9-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағыттау жұмыстары қолға алынды. Онда қазіргі кезде нарықта қандай мамандықтарға сұраныс көп екені түсіндіріледі», - дейді Аяжан Қазкеева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкеде Жұмыспен қамту орталығының мамандары түрлі сұрақтар бойынша кеңес беруде. Олар қайта оқыту және жаңа мамандық алудың мүмкіндіктері, оқу орындарының түлектеріне жастар тәжірибесінен өту мүмкіндіктері және жалпы Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы шеңберіндегі басқа да мемлекеттік қолдаулары туралы айтады.

Жәрмеңке Астана қаласы әкімдігі Жұмыспен қамту орталығы ғимаратында сағат 13.00 жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109