662

Бос орындар жәрмеңкесіне қатысқан 1200-ге жуық қала тұрғыны жұмыспен қамтылды

Астанада 2013 жылдың қорытындысы бойынша 1164 адам бос орындар жәрмеңкесіне қатысып, жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, жұмыс іздеген 26 адам қоғамдық жұмыстарға, 285-сі кәсіби білім алуға жіберілді, 184-і жастар тәжірибесінен өтуге қабылданды.

Астанада 2013 жылдың қорытындысы бойынша 1164 адам бос орындар жәрмеңкесіне қатысып, жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.

«Астанада 2013 жылы 12 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, оған  135 жұмыс беруші мен 9478 жұмыссыз қатысты. Нәтижесінде 1164 адам жұмысқа орналастырылды», -  деп хабарлады ведомстводан. 

Сонымен қатар, жұмыс іздеген 26 адам қоғамдық жұмыстарға, 285-сі кәсіби білім алуға жіберілді, 18-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 184-і жастар тәжірибесінен өтуге қабылданды. Жалпы алғанда, жұмысқа орналастыру жәрмеңкелерінде 5478 адамға консультация берілді.

Айта кетейік, жұмыссыз жүргендер еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар бойынша орналастырылды. Атап айтқанда, құрылыс-техникалық, қызметтер және қызмет көрсету мамандықтары, т.б.

Айта кетейік, бос орындар жәрмеңкесі жыл бойы жүйелі түрде өткізілді. Жұмыспен қамту орталығы түрлі мәселелер бойынша кеңестер берді. Келушілер қайта даярлау және жаңа кәсіпті меңгеру туралы, ал оқу орындарының түлектері жастар саясатын өткізу мүмкіндігі, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды. 

Бұдан басқа, бос орындар жәрмеңкелері барысында Астана қаласының Еңбекті қорғау басқармасының қызметкерлері еңбекті қорғау және қауіпсіздігі мәселелері бойынша келушілерге консультациялар берсе, ЗТМО мамандары зейнетақы мен жәрдемақылар алуға құжаттар қабылдау тәртібі туралы айтты. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109