472

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Бос орындар жәрмеңкесі өтеді

27 наурызда Конгресс Холлда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Айта кетейік, қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Астанада жалпы, 17 мыңнан астам мүгедек тіркелген.

27 наурызда Конгресс Холлда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру және белсенді өмірге тарту мақсатында қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалымен бірлесіп Конгресс Холл сарайында Бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Оған жұмыс берушілер мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалар шақырылған», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Астанада жалпы, 17 мыңнан астам мүгедек тіркелген. Мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің өкілдерінің айтуынша, олардың көбі еңбекке жарамды және салық төлеуге қабілетті. 

Еске салайық, бос орындар жәрмеңкесі 27 наурызда сағат 10:00-14:00 Конгресс Холлда өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109