628

Астанада туризм саласындағы 40 жұмыс беруші бос орындар жәрмеңкесіне қатысуда

Бүгін «Бейжің сарайы» қонақ үйінің ғимаратында туризм саласында бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр. Шара барысында елордалық туристік компаниялар, мейрамханалар, дәмханалар мен қонақ үйлер бос жұмыс орындарын ұсынады. Бұл жәрмеңкеге қатысу жұмыс берушілер үшін де, жұмыс іздегендер үшін де тегін.

Бүгін «Бейжің сарайы» қонақ үйінің ғимаратында туризм саласында бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр. Шара барысында елордалық туристік компаниялар, мейрамханалар, дәмханалар мен қонақ үйлер бос жұмыс орындарын ұсынады.

«Өткен жылы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасына көрмені өткізу туралы ұсыныс жасадық. Олар бізді қолдап, көрме жыл сайын ұйымдастырылатын болды.  Биыл екінші рет өткізіліп отыр. Былтыр Еуразия университетінің ғимаратында өткен. Оған 15 жуық жұмыс беруші тартылды. Ал биыл олардың саны 40-тан асады, бұл маңызды жайт», - деді Туризм индустриясының Ұлттық қауымдастығының президенті Гауһар Жүнісбек astana.kz берген сұхбатында.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты - жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру ғана емес, сондай-ақ, осы сала мамандарын дәріптеу болып табылады. Аталған іс-шара елордада туристік саланы одан әрі кеңейтуге және ЕХРО-2017 көрмесін ұйымдастыру үшін кадрлар даярлауға ықпал етеді. Жәрмеңкеде астаналық туристік компаниялар, мейрамханалар мен қонақ үйлер бос орындарды ұсынатын болады.

«Көрменің мақсаты - туризм саласының мамандарын дәріптеу, туризм саласының, қызмет көрсетудің беделін көрсету. Меніңше, бұл өзекті мәселе. Әсіресе, «Экспо-2017» қарсаңында, қызметтер мен қызмет көрсету салалары маңызды болып табылады. Жыл сайын бұл үрдісті арттыратын боламыз», - деді Г.Жүнісбек.

Айта кетейік, бұл жәрмеңкеге қатысу жұмыс берушілер үшін де, жұмыс іздегендер үшін де тегін.

Бүгін бос орындар жәрмеңкесі «Бейжің сарайы» қонақ үйінің ғимаратында (Сығанақ, 27) сағат 16.00 дейін өтеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109