735

Астанада бос орындар жәрмеңкесінде 250 астам жұмыс орны ұсынылды

Бүгін Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді. Шараға 20 жұмыс беруші қатысып, қала тұрғындарына 250 астам бос орын ұсынды. Жәрмеңке адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында Астана қаласының тұрғындары үшін өткізілді.

Бүгін Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы  кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді. Шараға 20 жұмыс беруші қатысып, қала тұрғындарына 250 астам бос орын ұсынды. 

«Бүгінгі жәрмеңкеге әр түрлі жұмыс берушілер қатысуда, мысалы «Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ 100 адамды жұмысқа қабылдамақ, одан басқа, «Цеснабанк» АҚ, «Каспий банк» АҚ және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ менеджерлерді іздеуде. Сонымен қатар, монтаждаушылар, құрастырушылар, электриктер, слесарьлар, жинаушылар және т.б. қажет», - деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы Гүлбаршын Ахметова astana.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, жәрмеңке адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында Астана қаласының тұрғындары үшін өткізілді. Шара барысында қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары жаңа кәсіпті меңгеру және қайта даярлау мәселелері жөнінде кеңестер береді. Жәрмеңке сағат 10.00-13.00 өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109