684

Іздеген адам жұмыс табады!

Жұмыс өтілі бар адамдар үшін жұмыс табу оңай емес, ал тәжірибесі жоқ жастар үшін тіптен қиын.

Жұмыс өтілі бар адамдар үшін жұмыс табу оңай емес, ал тәжірибесі жоқ жастар үшін тіптен қиын. Жұмыс іздеу үшін заманауи тәсілдерді  интернет ресурстарды пайдалануға болады, онда күн сайын бос жұмыс орындары жаңартылып отырады, не болмаса жұмысты газеттегі хабарландырулардан іздеуге болады. Бірақ ең дұрысы «Астана жастары» жастар ресурстық орталығына немесе Жұмыспен қамту орталығына жүгінген жөн. Онда тегін қайта даярлықтан өтіп, жаңа мамандықты игеруге болады. Сонымен қатар, елордаға оқуға немесе жұмысқа орналасу үшін келетін жастарға авто және теміржол вокзалдарында ашылған жұмыспен қамту мобильдік орталықтары да көмектеседі.  

Бүгінгі таңда Астанада тұрып жатқан 300 мың жастардың ішінде 2 мыңы жұмыссыз. Елімізде жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешу мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылады, соның ішінде, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020», сондай-ақ, жұмыспен қамту мобильдік орталықтары.  

Жастар саясаты мәселелері басқармасы қызметкерлерінің хабарлауынша, жастар жұмысқа орналасу мәселелері бойынша 76-86-87 телефоны бойынша "Астана жастары" ресурстық орталығына хабарласа алады. 


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109