740

Бос орындар жәрмеңкесі жұмысқа орналасуға көмектеседі

Жұмыссыз жүргендер Жұмыспен қамту орталығының мамандарына қайта даярлау және жаңа мамандықты меңгеру, жастар тәжірибесінен өту және өздерін мазалаған басқа да  сұрақтарын қойып, жұмыс берушілермен әңгімелесуден өте алады. Бүгін «Артем» сауда үйінің аумағында кезекті бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеде келушілер назарына елордада қызмет ететін түрлі компаниялар мен ұйымдар бос жұмыс орындарын ұсынды. «Бүгін негізінен техникалық мамандықтар бойынаша 12 бос жұмыс орнын ұсынып отырмыз. Бұған дейін де осындай жәрмеңкелерге қатысқан болатынбыз. Нәтижесінде жұмысқа бірнеше жаңа қызметкерді қабылдадық. Бүгін келген адамдардың бәріне бос орындар туралы ақпарат беріп, олардың түйіндемелерімен танысып жатырмыз. Ал үміткер қандай да болмасын қызметке лайықты болған жағдайда, оны әңгімелесуге шақырамыз» - деді «Астана су арнасы» МКК кадрлар бөлімінің инспекторы Айгүл Жұмабекова.

Айта кетейік, азаматтарға жұмысқа орналасуға көмектесу, еңбек нарығындағы ахуал, сонымен қатар әлеуметтік қорғау шаралары туралы ақпарат ұсыну мақсатында мұндай шаралар елордада жиі өткізіледі. «Мен бос орындар жәрмеңкесіне бірінші рет келіп тұрмын. Түйіндемені бірнеше жұмыс берушіге бердім. Олар мені әңгімелесуге шақырды. Нәтижесі болады деп ойлаймын. Мамандығым бойынша лайықты жұмыс тапқым келеді. Бірақ оқуымды енді ғана тәмамдап, тәжірибем бомлаған соң қиындықтар туындап тұр», - деді жәрмеңкеге келуші Заида Нұрмағамбетова.

Жәрмеңке сағат 15.00 дейін өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109