641

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

17 қыркүйекте сағат 10.00-13.00 Брусиловский 17/3 көшесі мекенжайы бойынша Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкені ұйымдастырушы  қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, деп хабарлады Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі. 

Шараның мақсаты  жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнату арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмысқа орналасуға көмектесу.

Мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерінің хабарлауынша, мүмкіндігі шектеулі жандардың көбі жұмыс істеуге және мемлекетке салық төлеуге қабілетті. Қазіргі кезде көптеген әлеуетті жұмыс берушілер мүгедектерге жұмыс орындарын ашып, пандустар мен қажетті заттарды дайындап жатыр. Сондай-ақ, бос орындар жәрмеңкесінде халықты жұмыспен қамту мәселелері, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» және басқа да салалық мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер беріледі. 

Бүгінгі таңда Астанада 14 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұрып жатыр. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109