805

Астанада жастар практикасы бойынша 404 адам жұмысқа орналасты

Қазақстанда «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы 2011 жылы қабылданды. Мақсаты  өнімді жұмыс орындарын құру арқылы халықтың табысын арттыру. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында Астанада жастар практикасы бойынша 404 адам түрлі мамандықтар бойынша жұмысқа орналасты, соның ішінде заңгер, қаржыгер, аудармашы, мұғалім, бухгалтер, психолог, жерге орналастырушы, әлеуметтік жұмыскер және т.б. бар. 

Жұмыспен қамту орталығынан astana.kz сайтына хабарлағандай, жыл басынан бері бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша 3 536 адам жүгінген, соның ішінде 55%-ы 29 жасқа дейінгі жастар. 

«Оқыту және жұмысқа орналасуға көмектесу» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты аясында Астанада 535 адам кәсіби білім алды. Жұмысқа орналастыруды барынша тиімді ету үшін кәсіби практикаға жіберілетін тұлғалармен төрт жақты әлеуметтік келісімшарт жасалады. Сонымен қатар, бағдарламаның әрбір қатысушысымен жұмыс берушінің талаптарын және жұмыссыздың ниет-тілектерін талқылау бойынша жеке әңгімелесу өткізіледі. 

Жұмыспен қамту орталығы Астанадағы тапшы мамандықтарды анықтау үшін арнайы мониторинг жүргізеді. Қазіргі кезде еңбек нарығында техникалық және құрылыс мамандарына сұраныс жоғары болуда. Атап айтқанда, өнеркәсіптің түрлі салаларындағы инженерлер, соның ішінде инженер-механик, инженер-жобалаушы, инженер-энергетик, даяшылар, аспаз, монтаждаушылар, электр маманы, электромонтаждаушы-реттеуші, газэлектрдәнекерлеушілер, сантехниктер, темір ұсталары, қырнаушылар және т.б.

Биыл қыркүйек айында 97 адам 10 айлық кәсіби даярлау курстарына жіберілді. Оқыту Астана қаласы әкімдігінің «Энергетика және байланыс колледжі» МКҚК, «Даналық колледжі» БМ, «Басқару колледжі» ЖШС өтеді.

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, жаңа мамандықты меңгеретіндер үшін кадрларды кәсіби даярлау курстары ұйымдастырылды. Оған газэлектрдәнекерлеуші, тігінші-үлгіші, тәрбиелеуші, электр маманы, сатушы-кассир, аспаз мамандықтары бойынша 164 адам оқытылды. 

Кәсіби машықтарын арттырғысы келетіндерге арналған бухгалтер, қойма меңгерушісі, медбикелер, тәрбиеші, ағылшын тілі, ыммен сөйлеу аудармашысы, мұнаралы крандар машинисті қатарлы мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстары бар.

«Жұмыспен қамту жол каратсы - 2020» бағдарламасы аясында жастарға лайықты жұмыс орындарын ұсынудан басқа, 6 айлық жастар практикасына қатысу мүмкіндігі беріледі. 

Кәсіби оқыту аяқталған соң оқу орталығы бағдарламаға қатысушыларды жұмыс берушілердің берілген өтініші бойынша тұрақты жұмыс орындарына жібереді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109