Астанада жыл басынан бері 16 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, елордада 16 704 жұмыс орны құрылған.
Атап айтқанда, өнеркәсіп саласында – 1350, көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеуде – 3895, көлік және қоймалауда – 1053, білім мен денсаулық сақтау саласында – 2842, құрылыста – 2498 және 5056 – экономикалық қызметтің басқа түрлерінде.
Сонымен қатар, 2015 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Астана қ. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 5434 адам жұмысқа орналасты, 589 түлек жастар практикасына жіберілді және 628 адам жаңа мамандықты игеру мақсатында қайта даярлаудан өтті. 115 адам әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz