988

2015 жылдың қорытындысы бойынша Астанада жұмыссыздықтың ең төмен көрсеткіші тіркелді

Елордада өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 0,3% төмен. 18 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, 3 мыңнан артық адам «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кеңес алды.

Елорданың еңбек нарығында жағдайды тұрақтандыру шеңберінде 2015 жылға арналған Астана қаласының халықты жұмыспен қамту бойынша кешенді жоспары іске асырылды, оның негізіне жұмыстан босатылатын қызметкерлерді, оның ішінде халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту бойынша шаралар алынды.

2015 жыл ішінде жұмыс іздеп 11 826 адам хабарласты, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 10168 адам немесе 86% қамтылды, 5937 адам жұмысқа орналастырылды (оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 115 адам, жастар тәжірибесіне – 590 адам), кәсіптік даярлауға – 628 адам жіберілді, қоғамдық жұмыстарға 3603 (оның ішінде оқудан бос уақыт кезінде оқитын жастар – 1638 адам) қатысты.

Бұдан басқа, елордада «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2015 жылы аталған бағдарлама екі бағыт бойынша жұмыс істеді: «Инфрақұрлымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» және «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу». Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша 3538 адам хабарласты.

«Инфрақұрлымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде 10 жоба (7 денсаулық сақтау нысаны, 2 білім және 1 әлеуметтік қамту нысаны) жүзеге асырылды. 144 адам, оның ішінде Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 72 адам жұмысқа орналасты.

Мемлекеттік қолдау шараларымен 787 адам, оның ішінде: жастар тәжірибесімен 590, әлеуметтік жұмыс орындарымен 115 және қайта даярлау курстарымен 82 адам қамтылды.

Есептік кезең ішінде 18389 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде шағын және орта бизнес саласында  - 13490 бірлік (73,4%). Экономикалық қызмет түрлері бойынша: өнеркәсіпте – 1528,  саудада – 4305, құрылыс және коммуналдық шаруашылықта – 3157, басқа да - 5563.

Есептік кезеңде жұмыссыздарды, оның ішінде жастарды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды, аз қамтылғандарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды және оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту шеңберінде 13 бос орындар жәрмеңкесі мен 11 шағын аукцион өткізілді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109