1050

Елордада Сержан Башировтың 100-ге жуық зергерлік бұйымы көрмеге қойылады

Астана қаласының Қазіргі заманғы өнер мұражайында 18 наурызда белгілі суретші, зергер, педагог, Қазақстан суретшілері одағының мүшесі, «ЮНЕСКО сапа белгісі» сертификатының иегері Сержан Башировтың «Бәйшешек» атты жеке көрмесінің вернисажы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына мұражайдың баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана қаласының Қазіргі заманғы өнер мұражайында 18 наурызда белгілі суретші, зергер, педагог, Қазақстан суретшілері одағының мүшесі, «ЮНЕСКО сапа белгісі» сертификатының иегері Сержан Башировтың «Бәйшешек» атты жеке көрмесінің вернисажы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына мұражайдың баспасөз қызметінен хабарлады.

Көрмеге 2000-2014 жылдары жасалған 100-ге жуық зергерлік бұйым, шағын мүсін мен инсталляция қойылады.

«Башировтың әрбір туындысы көшпенділердің өміріне арналған. Шебердің өз қолымен жасалған асыл тастармен және тотемдермен әшекейленген бірегей күміс сақиналары мен білезіктер, түрлі тұмарлар мен бойтұмарлар, ол үшін бұйымдар көзді қуантып тұруы аса маңызды. Бұл әшекейлерге шығыс экзотикасын аңсаған шетелдіктер де, түрлі жастағы қазақстандықтар да қызығушылық танытады»,- деп хабарлайды мұражайдың баспасөз қызметі. 

С.Башировтың еңбектері Алматы, Астана, Өскемен және Семей қалаларындағы мұражайларда көпшіліктің назарына ұсынылған. Бұдан басқа, Шығыс халқы мұражайында (Мәскеу), Азия және Тынық мұхит мұражайында (Варшава) және Штутгарттағы этнографиялық Линден-мұражайда (Германия) да қойылған.

Сержан Башировтың «Бәйшешек» атты жеке көрмесі Астана қаласының Қазіргі заманғы өнер мұражайында 2014 жылғы 18 наурыздан  7 сәуірге дейін өтеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109