1043

Әлем балеті жұлдыздарының өнері астаналықтарды тәнті етті

Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында қазіргі әлем өнерінің көрнекті хас шеберлерінің қатысуымен «Әлемдік балеттің жұлдызы» гала-концерті өтті.

 Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында қазіргі әлем өнерінің көрнекті хас шеберлерінің қатысуымен  «Әлемдік балеттің жұлдызы» гала-концерті өтті.  Гала-концерт 2005 жылдан бері Қазақстанның жас астанасының өзіндік мәнеріне айналғандай.

«Опералия» фестивалінің арқасында елорда тұрғындары мен қонақтары жыл сайын атақты опера әншілері мен әлемнің ең үздік балет өнеріне қанығады. Фестиваль бағдарламасы жылдан-жылға қызық бола түсуде. Биылғы жылы фестиваль ең жоғары деңгейлі әртістердің басын қосты. Олар - Жапонияның, Германия мен Ресейдің, Нидерланды Корольдігі мен Қазақстанның бишілері. 

Ұйымдастырушылар Нидерланды Корольдігінің ұлттық балетінің ең үздік бишілері - Метью Голдинг  мен Анна Цыганкованы шақырып, астаналықтарға үлкен тарту жасады.  Бишілер П. И. Чайковскийдің «Аққу көлі» балетінен Pas de deux мен С. Прокофьевтің «Күлше қыз» дуэтін ұсынып, жанкүйерлерді риза етті. 

Үлкен театрдың әртістері  Анжелика Воронцова мен Карима Абдуллинаны да көпшілік алақан қыздыра қол соғып, жылы қарсы алды. Гала-концерттің ең күтулі қонақтары Одесса Ұлттық академиялық опера және балет театрының бишілері  Тэрада Мидори мен Окава, Мемлекеттік Бавар балетінің бишілері Люсия Лаккара мен Марлон Дино болды. 

Биылғы жылы  «Ресей балетінің жұлдыздары» фестивалінде екі биші өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсті. Олар - Уорреннің «Гламурын» көрсеткен  Михайлов театрының өкілі Оксана Бондарева мен  Г. Леонид Сарафанов.

Көрермендерді қазақстандық балет жұлдыздары да бей-жай қалдырған жоқ. Әсіресе, «Астана-Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының бишілері  Мәдина Басбаева мен Рустем Сейтпеков, Таир Гатауов пен Әйгерім Бекетаева, Гаухар Усина мен Сержан Кауков жоғары өнерлерін көрсете білді. 

Концерт соңында барлық қатысушылар Л. Минкустың «Дон кихотынан»  Grand Pas  балетін орындап, Опералия әуесқойлары көңілінде жақсы әсер қалдырды. Музыкалық кеш өте табысты өтті.

«Опералия» Қазақстанның жас астанасы үшін маңызда да мәнді бренд ретінде жатталып қалатын болды.  Астанаға алғаш келген әртістер өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. 

«Қала жаңа, бізге тазалығымен, сұлулығымен ұнады. Мен шаһарды түгел аралап шыға алмады. Алайда, оның заманауи талаптарға сай, қазақы үлгіде салынып жатқан қала екендігін түсіндім»,- деп astana.kz сайтына өз ойын білдірді Михайловский театрының әртісі Леонид Сарафанов.

- «Мен Астанаға алғаш келдім. Керемет сәулет өнеріне тап боламын деп ойламап едім. Менің ойымша, Астана - болашақтың қаласы» - деп әріптесін қолдады Михайловский театрының бишісі  Оксана Бондарева.

Жоғары деңгейдегі мереке елордада одан әрі жалғасуда. Астаналықтар опера өнерінің інжу-маржандарынан әлі де сусындай береді. 29 маусымда «Қазақстан» Орталық концерт залында VIII халықаралық «Опералия» музыкалық фестивалінің «Әлем операсының жұлдыздары» гала-концерті өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109