929

Астананың 15 жылдығына Алехандро Касонаның «Жабайы. Үшінші сөз» испан мелодрамасының премьерасы өтеді

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының Алехандро Касонаның пьесасы негізінде сахналаған «Жабайы. Үшінші сөз" қойылымы мәңгілік пен жастық тақырыбын арқау еткен.

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының Алехандро Касонаның пьесасы негізінде сахналаған «Жабайы. Үшінші сөз»  қойылымы мәңгілік махаббат пен жастық тақырыбын арқау еткен.

Астананың мерейтойы ел өміріндегі ең айтулы іс-шара. Осы бір думанға толы күнді әрбір қазақстандық асыға күтуде десек, артық айтпаймыз. Өйткені, бұл күндері астаналықтар мерейлі салтанат пен ойын-сауыққа,  өнер мен мәдениет туындыларына қанығып, сусындамақ. 

Мереке күндері елорда мәдени іс-шаралар бағдарламаларына толы болмақ. Астананы мерейтойымен отандық мәдениет қайраткерлерінен бөлек, шетелдік театрлар да құттықтау үшін  ат басын бұруда. Осы тұрғыда қаладағы М.Горький атындағы Мемлекеттік орыс драма театры 28-29 маусымда Алехандро Касонаның «Жабайы. Үшінші сөз» испан мелодрамасының премьерасын ұсынып отыр.

Театрдың кейінгі он жылдықтарда шығармашылығы тасада қалған танымал испан драматургінің пьесасын таңдауы тегін емес. Себебі, автордың пьесалары әдемі лирикалық ноталарға, романтикалық пафосқа және бүгінгі заман ағымымен үндесетін жастардың ішкі көңіл-күйін көрсететін оқиғаларға толы.

Қойылым таулы аймақта өскен қарапайым Паблоның шулы қаланың алдамшы, қатігездікке толы, өзіне таныс емес, бұрын-соңды көрмеген ғажайып сезіммен бетпе-бет келу өмірін баян етеді.

 Соңында бақытқа кенелу үшін кейіпкерлер көптеген қиындықтарды өткереді. Себебі, «киімге қарап» қарсы алатын «дамыған» қала өмірінде  Паблоны жабайы деп санайды. Ал, оның шынайылығы  көптеген түсініспеушіліктер мен күлкілі оқиғаларға әкеліп соғады. Барлығымызға аян, адамгершілік пен шынайылық қасиетті бойымызға сіңіргеннен гөрі жақсы іс-әрекеттерге бейімделу оңай. Бірақ, адам баласы қай жерде болса да, ерте ме кеш пе оның санасында қарапайым бір түсінік қалыптасады. Ол өмір, өлім және махаббат деген үш сөзден құралады.

Қоюшы-режиссер  - ҚР еңбек сіңірген әртісі Бекпулат Парманов. Қоюшы-суретші - ҚР «Мәдениет қайраткері» Қанат Мақсұтов.

Қойылым көрерменге романтикалық, мерекелік көңіл-күй сыйламақ. М.Горький атындағы Мемлекеттік орыс драма театры премьерасын 28-29 маусым күндері көрсетіп, сонымен театрдың 112-ші маусымын аяқтайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109