1050

Астана күніне орай еліміздің үздік музыканттары марапатталады

Астана қаласының 15 жылдық мерейтойы қарсаңында тұңғыш рет «Астана жұлдызы» атты кәсіби музыкалық шара өтеді.

Астана қаласының 15 жылдық мерейтойы қарсаңында тұңғыш рет «Астана жұлдызы» атты кәсіби музыкалық  шара өтеді. Қаламыздың мәдени өмірінде маңызы бөлек шараға қатысушы музыканттар 5- ші маусым күні  «Қазақстан» Орталық концерт залының қызыл кілем төселген жолымен жүріп өтеді.

 «Жас елордамыздың 15 жылдық мерейтойын атап өтуімізге санаулы күндер ғана қалды. Республикамызда соңғы жылдары Астана күнін атап өту - тағатсыздана күтетін салтанатты мерекелеріміздің  бірегейі. Ағымдағы жылы біз «Астана жұлдызы» байқауын ұйымдастыруды жөн көрдік. Бұл марапат ұлттық музыка өнерін дамытумен  қатар, төл музыка өндірісіміздің сапасын арттыра түсуге  өз ықпалын тигізбек»- деп  атап көрсетті «Қазақстан» Орталық концерт залында өткен баспасөз конференциясында Астана қалалық Мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов.  

Сонымен қатар,  ол өз сөзінде «Астана жұлдызы» шарасының өзге де байқаулардан ерекшелігі жеңімпаздарды кәсіби деңгейдегі сарапшылар анықтайтынын  баса айтты. Еліміздің музыкалық өндірістегі өкілдерінен 100 сарапшы маман таңдалып алынды. Олардың арасында елімізге еңбегі сіңген әртістер , композиторлар, продюсерлер, ақын- жазушылар, fhathion- өндірісінен вокал мамандары сонымен қатар БАҚ  өкілдері бар. 

Алғашқы кәсіби саздық байқау 2012 жылдың қаңтар айы мен 2013 жылдың мамыр айлары аралығындағы, яғни, бір жарым жылдағы Астананың шығармашылық жетістігін қамтитын болады. «Сарапшы мамандардың жұмысы орасан зор: 350 жұмысты қарап, тыңдап шығулары қажет. Барлық жұмыстар сарапталып болған соң, сарапшылар әр аталымға  үш үміткерден іріктеп алынады. Осыдан кейін дауыстарды жинап есеп  комиссиясы  қорытынды жасайды, ақырында дауыс санын назарға алып жүзден жүйрік шыққан жеңімпазды анықтайтын боламыз»-  деді  «ADAM Media Group» компаниясының  бас продюсері Динара Адам.

«Астана жұлдызы» жүлдесінің аталымының саны еліміздің бас қаласы – Астананың мерейтойымен үндес: үміткерлер 15 түрлі аталымда бақ сынайтын болады. 

«Төр қаламызға биылғы жылы 15 жыл толып отыр. Осыған байланысты аталым саны да 15 болады. Біз аталымдарға үміткерлерді қазір эстрадада жүргендер арасынан іріктейміз.  Олар: кәсіби әртістер мен бүгін біздің эстрадамызда еңбек етіп, өздерін кәсібилік дәрежеге жеттік деп санап жүргендер. Біз солардың ішінде ең таңдаулыларын іріктеп аламыз», - дейді «ADAM Media Group» компаниясының музыкалық продюсері. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, статуэток түрінде ескерткіш сыйлыққа ие болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109