887

Астананың 15 жылдығы мерекесінде қалада театр апталығы өтеді

Астана күніне орайластырылған «Современник» Мәскеу театрының бірегей қойылымдары мен аймақтық және елордалық театрлардың тамаша фестивалдері ұсынылады.

Мерейтойлық мереке күндері қала тұрғындары мен қонақтары назарына Астана күніне орайластырылған «Современник» Мәскеу театрының бірегей қойылымдары мен аймақтық және елордалық театрлардың тамаша фестивалдері ұсынылады.

Бейбітшілік және келісім сарайында 2-сі мен 11 маусым күндері «Современник» театры өзінің ең үздік: «Жаулар: махаббат тарихы», «Келе жатқан…» және аңызға айналған «Үш апалы, сіңілі қыз» қойылымдарын қояды.

Солардың ішіндегі біріншісі Исаак Башевис-Зингердің романы бойынша Евгения Арье қойған  - «Жаулар: махаббат тарихы» спектаклі болып табылады. 2012 жылы ол «Алтын маска» фестивалінің арнайы жүлдесі мен Станиславскийдің «Жыл оқиғасы» аталымы бойынша жүлдеге ие болды. Спектакль екінші дүниежүзілік соғыста фашизмнің жантөзгісіз азаптарын бастан өткеріп, тірі қалған бірнеше адамның  трагедиялық тағдырын  көрсетеді.

Екінші қойылым «Келе жатқан...» деп аталады. Екі күлдіргі өздерінің өткен-кеткен өмірлері жайлы монолог орындайды.  Спектакльді мәскеулік драматург, Щучинск мектебінің педагогы  Родион Овчинников қойды. Ол Сергей  Гармашпен және Леонид Ярмольникпен (басты рөлді орындаушылар) адамдарды жалықтырмайтын «актерлік спектакль» жасап шығарған.

Астана қаласының 15 жылдық мерейтойын мерекелеу кезінде астаналықтар үшін қызықтысы – атақты «Үш апалы, сіңілі» қойылымының сахналануы болмақ. Аты аңызға айналған қойылым бірнеше ғасыр өтсе де өз өміршеңдігін жойған емес. Аталмыш қойылымды «Современник» театрының төлқұжаты десек, артық емес. Осы маусымда чех қаһармандарының алдындағы  сынның жүгі ауыр. Неге десеңіз,  өзгеріске ұшырамаған костюдер мен декорация, сахна және сол өзгермеген әуендер, таныс кейіпкерлердің рөлдерін жаңа бейнеде сомдай отырып, 2008 жылы театр залынан табылған көрермендердің тағдырларымен сабақтас ретінде көрсету оңай міндет емесі анық.

  Сонымен қатар Астанада 1-7 маусым аралығында «Театрланған Астана» атты аймақтық театрлар фестивалі өтеді. Фестиваль барысында Қазақстан театрының үздік қойылымдары мен отанымыз бен шет елдерді мойындатып үлгерген туындылар көрермендердің назарына ұсынылмақ. Сондай- ақ,  мерекелік күндердегі қос тұсаукесер – қазақстандық жазушы Қуаныш Жиенбайдың «Таңғажайып планета» пьесасы мен қатар испандық ақын, драматург Алехандро Касонаның «Жабайы. Үшінші сөз» пьесасының желісінде қойылған спектакль мерейтойдың маңызын аша түспек.

 Осындай іс-шаралар елордамызда ерекше театрлық  дәстүрлер шеруін қалыптастырмақ.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109