1117

«Astana Piano Passion» жас пианистердің үмітін үкіледі, қанатын қатайтты

Әлемнің 30 елінен 18 жасқа дейінгі ең мықты жас музыканттарды жинаған «Astana Piano Passion»классикалық музыканың Бірінші Халықаралық фестивалі мен жас пианистер байқауы аяқталуға жақын.

Әлемнің  30 елінен 18 жасқа дейінгі ең мықты жас музыканттарды  жинаған «Astana Piano Passion» классикалық музыканың Бірінші Халықаралық фестивалі мен жас пианистер байқауы аяқталуға жақын. 10-16 мамыр аралығында  өткен байқауға  130-ға жуық өтініш келіп түсіп, оның тек 30-ы ғана іріктеу турынан өткенін естеріңізге саламыз. Енді солардың ішінде мықтылардың мықтысы ғана көш бастап, өнер бәйгесінде топ жару мүмкіндігіне ие болды.

Денис Мацуев, Ресейдің Халық әртісі, «Astana Piano Passion» байқауының көркемдік жетекшісі:

Білесіздер ме, бұл фестивальда өнер дүлдүлдеріне баға бердік. Дүлдүлдер болғанда да кішкентай жұлдыздар деп айтуға болады. Ал, балғындардың өнеріне баға беру оңай жұмыс емес. Солардың ішінен үздіктерін алға шығарып, қалғандарының қанатын қайырылтпай, қолдау көрсетуге тырыстық. Алдағы уақытта олардың барлығының аты әлемге әйгілі өнер шеберлері болатынына сенімдімін.

Фестиваль алғаш рет ұйымдастырылғанымен, өте жоғары деңгейде өткенін атап айту керек. Отандық және ресейлік мамандардың көмегімен көрермендер фестивальді  ресми сайты арқылы тамашалауға мүмкіндік алды. Мәскеуден келген 13 адамнан тұратын режиссер мен  дыбыс режиссерлердің ішінде Елена Шапчиц те бар.

Елена Шапчиц, режиссер:

Біз үшін бұл алғашқы тәжірибе болғандықтан қиындықтар болатынын күткенбіз. Техниканың көбі Қазақстаннан болды. Ал, біз шамамыз келгенінше қалған керек жабдықтарды алып келдік. Дегенмен, барлығы ойдағыдай өтуде. Оның үстіне, алғашқы жұмысымыз екенін ескерсек, жоғары деңгейде өтті деуге болады.

Қатысушылар өнеріне тікелей куә бола алмаған көрермендер үшін ұйымдастырушылар бар мүмкіндікті жасауға тырысқан. Фестивальді әлемнің әр түпкірінен тамашалағандар саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Тек 15 мамырдың өзінде 50 000 көрермен қараған.

Павел Лаврененков, дыбыс режиссері:

Фестиваль үшін күн демей, түн демей жұмыла жұмыс істеудеміз.Мәселен, кешкі сағат 7-де басталатын концертке дайындық таңғы 9-дан басталады. Техниканы орналастырып, дыбыстың сапалы шығуы үшін мүмкіндігімізше жағдай жасауға тырыстық. Ғаламтор арқылы мыңдаған адамдардың тамашалағанына қарап, еңбегіміз өнімді болды деуге болады.

Кіші топта Шуан Эрн Ли (Австралия) мен Варвара Кутузова (Ресей) I орынды жеңіп алды.Орта топта Юкине Куроки (Жапония) мен Александр Малофеев (Ресей) I жүлде иегері атанды. Ал, ересектер тобында I орын Александр Кутузовқа (Ресей) бұйырды. Ал, бас жүлде кімнің қанжығасына байланарын қазылар алқасы әзірге құпия ұстауда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109