1124

Әлемге танымал пианист Джон О'Конор «Astana Piano Passion» фестивалі аясында шеберлік дәрісін өткізді

Маэстро және музыка оқытушысы Джон жас пианистердің «Astana Piano Passion» байқауы аясында шеберлік дәрісін өткізді.

Маэстро және музыка оқытушысы Джон жас пианистердің «Astana Piano Passion» байқауы аясында шеберлік дәрісін өткізді.

Джон О'Конор - Ирландия королдігі музыка академиясының, Shenandoah (Вирджиния, АҚШ) консерваториясы мен Showa (Жапония) музыка академиясының профессоры. Ол бүкіл әлемдегі пианистер арасындағы ең беделді халықаралық байқаулардың қазылар алқасының құрметті мүшесі болып табылады. Жас пианистердің  «Astana Piano Passion» байқауында да ол осы тұғырдан көрінді.

Байқау күндерінде маэстро «Astana Piano Passion» фестиваліне қатысушылар үшін шеберлік дәрістерін өткізді.

Пианист музыкалық ойындарды спорттық икемділіктермен ұштастыра отырып, өте тартымды, қызғылықты сабақ өткізді.

Маэстро, әсіресе, байқауға қатысушылардың ішінде кіші топтың өте жоғары дайындықтарын атап көрсетті. 

«Қатысуға тілек білдірушілер өте көп болды. Маған солардың ішінде ең үздіктерін таңдау оңайға түспеді. Өйткені, олардың барлығының да әзірліктері ең жоғары деңгейде еді»,- деп пікір бөлісті astana.kz сайтына Джон О'Конор.

Оның айтуынша, кішкентай музыканттан үлкен дарын иесі шығуы үшін ата-анасымен қоса, мұғалімінің де қолдауы өте қажет көрінеді.

 «Бала жас кезінен бастап музыкалық аспапта жалықпай отырып айналысса, уақытын босқа өткізбесе, нәтиже шығатындығын бала кезінен түсінуі керек», - деп кеңес береді музыкант.

  Джон О'Конор өткізген шеберлік дәрісі негізінен қатысушыларға музыканың тылсым сырлары мен терең тәжірибесін ұғынуға мүмкіндік берді.   

«Маған осылай ойнау керектігі жөнінде өзінің әдіс-тәсілдері арқылы жеткізе білген ұстазды алғаш кездестіруім. Оқытушымен шәкірт арасындағы өзара түсіністік мен үшін нағыз бақыт!», - дейді фестивальге қатысушы  Аарон Коул Кёртс.

Жас  пианистің айтуынша, шеберлік дәрістері мен өзінің ұстазы беретін сабақтың арасында жер мен көктей айырмашылық бар көрінеді: «Менің музыкалық аспапта күнделікті ойнап жүргенімді естімеген адам бірден тыңдаған кезде маған өзімнің ұстазымнан гөрі тереңірек кеңес беретіндігіне менің көзім енді жетті. Ол менің қателіктерімді сол бойда түзетіп отырды», деп ағынан жарылды ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109