1239

"Astana Piano Passion" байқауы Орта тобының финалдық өнер көрсетуі аяқталды

Астанада 10-ы мен 16 аралығында өтіп жатқан «Astana Piano Passion» байқауы Орта тобының финалдық өнер көрсетуі аяқталды.

Астанада 10-ы мен 16 аралығында өтіп жатқан «Astana Piano Passion» байқауы Орта тобының финалдық өнер көрсетуі аяқталды. 

Финалға Ресейдің, Жапонияның, Солтүстік Корея мен Украинаның музыкалық мектебі өкілдері шықты.  Қатал сынақ бәсекесіндегі финалға шыққан балалардың барлығы да жеңімпаздар деп атауға болады. 

Балалар Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов жетекшілік ететін Астана қаласы филармониясы Мемлекеттік  Симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Мұндай мүмкіндіктер кез келген балғын музыканттың тағдырына жазыла бермейді.  Осыны жете түсінген бүлдіршіндер сахнада өздерін кәсіби пианистердей ұстап, оркестр мен дирижерге қол алысып құрмет көрсетіп, ризашылық сезімдерін аңғартты.

Жас музыканттардың өнерін ресми сайттан тек бүгін ғана бір мезгілде мың жарым адам бақылапты. Мұндай қызығушылықтың  негізі  Астана төріне әлемнің ең таңдаулы, талантты балалары жиналғандығынан болып отыр.  Мүмкін енді бірнеше жыл өткеннен кейін олардың өнерін тамашалау қиынның қиыны болатын шығар.  Ал бүгін олар Астанада «Қазақстан» Орталық концерт залы сахнасында  көз алдымызда өнер көрсетіп жатыр. 

Кіші және орта топтар тыңдауының нәтижелері ересек топтағы пианистерді тыңдағаннан кейін белгілі болады. 18 жасқа дейінгілер бүгін 15 мамырда 11.00-де оркестрмен өнер көрсетеді. Онлайн трансляция бұрынғыдай, байқаудың ресми сайтында жүреді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109